Жылу беріле бастады

Петропавл қаласында жы­лыту маусымы басталды. Бұл туралы қала әкімі Болат Жұмабеков әлеуметтік желі­дегі жеке парақшасында ха­бар­лады.

– Петропавл қалалық әкімді­гінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі №881 қаулысы негізінде 2020-2021 жылдардағы жылыту мау­сымы 18 қыркүйектен басталды. Бірінші кезекте жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға, одан соң көпқабатты тұрғын үйлерге берілуде. Кейін әкімшілік нысан­дар, оқу орындары, театрлар жыл жүйесіне қосылады, – деп жазды Болат Серікұлы.

Бүгінгі таңда облыс орталы­ғында 1090 көпқабатты тұрғын үй бар. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың тек 1022-інде құбырларды жуып-шаю жұмыстары жүргізілген. Со­ның өзінде дайындық құжаты жә­не жылу қуатын есептегіштері бар баспаналарға басымдық беріл­мек. Ал бұл жұмыстарды уақы­тында жүргізбеген 68 тұрғын үйге жылу тек соңғы кезекте беріледі. Петропавлдағы нысандарға ке­зең-кезеңімен жылу беру жұмыс­тары он күнге дейін созылады деп күтілуде.

Қанат АТАМАНОВ,

"Soltústik Qazaqstan".

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика