ИВАННЫҢ ИГІ ИДЕЯСЫ

Саумалкөл ауылының тұр­ғыны Иван Воликов бұған дейін тек аяқкиім жөндеумен шұғыл­данып келсе, енді өз ісін кеңей­туді қолға алды.

– Әйелім екеуміз 6 ұл-қыз тәр­биелеп отырмыз. Күз, қыс айла­рында ғана табыс түсетіндіктен, тапқанымыз бала-шағаның та­ға­мы мен киім-кешегінен ар­тыл­май­ды. Барлық әлеуметтік қажеттілік­тер өтеле бермей­тіндіктен, қара­жаттан тарығып қалатын сәттер болмай тұр­майды. Тұрақты жұмыс көзі жай­лы ойлана келіп, мемлекет кө­мегіне жүгінуді жөн көрдім, – дей­ді көпбалалы әке.

Кілт жасау және аяқкиім тігу идеясы осылай пайда болған. Ша­ғын бизнеспен айналысу үшін нә­ти­желі жұмыспен қам­туды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған "Еңбек" мем­лекеттік бағдарлама­сы аясында 505 мың теңге грант ие­ленді. Бұл қаражатқа кілт жасай­тын екі станок, аяқкиім бланкілерін тігуге арналған тігін машинасын са­тып алды. "Көз қорқақ, қол ба­тыр" де­мекші, тың іске бастапқыда жү­рексіне кіріссе, қазір төселіп, аяқ­киім тігудің қыр-сырын меңгеріп алғаны байқалады.

Оның айтуынша, кәсіпкерлік­пен шұғылданып, бизнес-идеяла­рын дамытамын дегендерге атал­мыш бағдарламаның жәрдемі, тигізер пайдасы мол. 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қай­тарымсыз гранттар және 8 мың ай­лық есептік көрсеткішке дейін мик­рокредиттер алу бұрын түске де ен­бейтін қиял болса, бүгінде күнде­лік­ті өмірдегі кәдуілгі қалыпты құ­бы­лыс дерсің. Қолжетімді жеңіл­дікті шарттарының өзі неге тұра­ды? Алдағы уақытта кәсіпкерлік көк­жиегін кеңейте түспек ойым бар, деген Иванның игі арманының орындалуына тілектестік білді­реміз.

Әлеуметтік желіні парақтай оты­рып, солтүстікқазақстандық­тарды жұмыспен қамтудың мынадай ста­тистикалық деректеріне жолық­тым. Биыл 8 ай ішінде өңірде 1,7 мың­нан астам адам бизнес-идея­ларды іске асыруға мемлекеттік гранттар мен микрокредиттер ал­ған. Тұрақты жұмыс орындарына 6259 адам орналастырылған. Уа­қытша жұмыс орындарына – 5023 адам, оның ішінде 465-і – әлеу­меттік жұмыс орындарына, 639-ы – жастар практикасына, 3919-ы қоғамдық жұмыстарға жіберілген.

Мұндай жан жадыратар дерек­тер ауданда аз емес. 117 адам биз­нес-идеяларын жүзеге асыруға қол жеткізіп, 2047 адам тұрақты жұ­мыспен қамтылды. Берілген несие мөлшері – 171. Оның айқын бір мысалына Иван Воликовтың жаңа бизнес жолындағы алғашқы қа­дам­дарын келтірдік.

Нұрболат ҒАЛЫМОВ,

аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры.

Айыртау ауданы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика