
- 17 Мамыр 2022
Шекараның шебінде
Мемлекеттің тұтастығы үшін шекара қызметінің орны айрықша. Қазақстанның көршілес елдермен шекарасының жалпы ұзындығы 14 мың шақырымға жуықтайды. Бұл – дүниежүзі бойынша құрлықтағы ең ұзын шекара. Еліміз Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Ресей сынды бес мемлекетпен шектеседі. Ұшқан құстың қанаты талатын, шапқан аттың тұяғы тозатын ұлан-ғайыр жеріміздің тұтастығын күндіз-түні қалт жібермей қорғап тұрған шекара сарбаздарының еңбегі ерен. Жауынға да, дауылға да қарамай, күннің ыстығы мен суығын місе тұтпай, ел тыныштығын күзеткен Мамлют ауданының Белое ауылында тұратын шекарашы Асан Нұрғалиевпен жолығып, Отан қорғау ісі жайлы әңгімелестік.
- 17 Мамыр 2022
ҚАЙТПАС ҚАЙСАРЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ
Мен соңғы күндері әкемді көп ойлайтын болып жүрмін. Аспандағы асылым, қол жетпейтін алтыным, марқұм әкем Зәйкен Шәймерденов тірі болғанда 100-ге келер еді. Ол Отанын қорғау үшін өлімге бас тікті, екі рет тұтқындалып, бір рет жараланды. Елге 1950 жылы ғана оралады. Үлкендер ол кісіні “Зеке” десе, елдегі балалардың барлығы “папа” деуші еді. Әкемнің майдан жайлы айтқан естеліктерін тағы бір ой елегінен өткізіп көрсем деймін.

- 12 Мамыр 2022
Құрметпен еске алды
Екінші дүниежүзілік соғысқа Ақтас ауылынан 58 азамат аттанып, 30-на бір уыс топырақ жат жерден бұйырған. Соғыстың суық ызғарын сезініп, асыл жарын зарыға күткен ана, әкесіз өскен бала қаншама. Солардың бірі – Сәлем Қасымов. Алматыда тұратын ағамыз жақында туған ауылына келіп, өткенге тағзым етті. Бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп есептелініп келген әкесі соғыс аяқталуға екі ай қалғанда ерлікпен қаза тауып, Венгриядағы бауырластар зиратында жерленгені анықталыпты.
.jpg)
- 05 Мамыр 2022
ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ
Жылдар жылжып, заман өзгерген сайын көптеген кәсіп түрлері керексіз болып қалуда немесе орнын жаңа мамандықтар басуда. Дегенмен уақыт көшінен қалмай, түрлі өзгерістерге тез бейімделетін қызмет түрлері де баршылық. Солардың бірі – ең көне мамандықтар қатарындағы журналистика. Америкалық жазушы Роберт Сильвестр бұл кәсіп түрін әлемдегі екінші көне мамандыққа теңеп, осы атаумен кітап та жазғаны белгілі. Еліміз егемендік алғаннан кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарына ойы азат, санасы еркін, ұстанымы берік тілшілер қажет болды. Бұл мәселені әрбір өңір, соның ішінде әрбір газет пен журнал, телеарна мен радио өз бетінше шешті. Амалсыздан басқа сала мамандарын, соның ішінде жазу мен сызуға бейім мұғалімдерді, дауысы бар, дикциясы дұрыс деп әншілерді қызметке алды. Бірақ бұл – тығырықтан шығатын жол емес еді. Ал Алматыдағы жалғыз университеттің түлектері сол кездегі астананың төңірегінен аспайтын.

- 05 Мамыр 2022
АЛАШ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ
Осыдан көп жыл бұрынғы бір оқиға есіме түсіп отыр. КазМУ-дың журналистика факультетінің кезекті отырысы-ау деймін, әр нәрсеге таңғала бермейтін Темекең (профессор Т.Қожакеев): “Мен Қарағандыға барып келдім. Сондағы университетте журналистикадан мемлекеттік емтиханға төрағалық еттім. Алғашқы бітірушілерінен емтихан алдым. Он-шақты бала бітірді, кәдімгідей жап-жақсы. Мұнда бәріміз жабылып жүріп істейтінімізді ол жақта өзіміздің Тайшыбаев жалғыз атқарып жатыр. Ырза болдым. Әне, ұлан-байтақ Қазақстанда журналистер даярлайтын екінші мектеп ашылғаны жақсы емес пе?! Бұл – үлкен оқиға. Тәуелсіздігіміздің тағы бір жемісі”, – дегенде, факультеттегі бәріміз де желпінісіп қалғанбыз.