Айыртау ауданында жауынгерлік граната табылды

Имантау ауылының тұрғыны полицияға қауіпті "олжа" тапқаны туралы хабарлаған. 55 жастағы адам өзінің иттерін серуендетіп жүргенде  жерде жатқан граната салынған пакетті көрген.

Оқыс оқиға дереу облысқа хабарланып, облыстық полиция департаментінің жедел жеткен жарғыш техник-мамандары "олжаның" жауынгерлік граната екенін анықтаған. Мамандар оны заларсыздандырып, жарылғыш заттарды тасымалдауға арналған контейнерге орналастырды.
"Бұл факті Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, оның аясында сараптама тағайындалады. Ауыл тұрғыны көрсеткен жерге тексеру жүргізілді. Басқа жарылғыш зат табылған жоқ", дейді Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Марат Серкешев.
Мұндай қауіпті қару ауылға өз аяғымен келмегені анық. Оның қандай әскери бөлімнен ұрланғаны және қандай мақсатпен ұрланғаны және кімнің ұрлағанын ашу - полицияның алдында тұрған жауапты міндет. Егер ол ақыл-ойы дұрыс адамның қолына түспей, мұндайды қызықтағыш бала-шағаның немесе жаман ойлы адамның қолына түссе, оның арты үлкен қайғыға соқтырары сөзсіз еді. 
Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін граната полигонда жоылады. Осыған байланысты кез келген күдікті зат анықталса, дереу полицияға хабарлау керек екендігі тұрғындарға ескертілді. Мұндай қауіпті заттарды өз бетімен тасымалдау қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, олар қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.


 https://egemen.kz

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика