Азамат Әмірғалиев Әділет вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет Қаулысымен Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі болып тағайындалды.

Азамат Әмірғалиев  1976 жылы Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, 2018 жылы Инновациялық Еуразия университетін және МВА Халықаралық бизнес мектебін бітірген.
1998 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2006-2009 жылдары — Парламент Мәжілісінің заңнама бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2009-2011 жылдары — "Альянс Банк" АҚ корпоративтік хатшысы.
2011-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Президент Іс басқармасы аппаратының басшысы, заң бөлімі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы, заң бөлімінің меңгерушісі.
2019 жылғы наурыз айынан бастап қазірге дейін ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Әмірғалиев қызметінен босатылған еді.


https://egemen.kz

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика