Шетелдік студенттер де медициналық қызметтерді тегін ала алады

Шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше оқуға түскен, ал қазір қашықтан оқып жатқан қазақстандық студенттер Білім және ғылым министрлігіне өтініш білдіріп, медициналық қызметтерді тегін алу бойынша көмек көрсетуді сұраған.

Бұл студенттер де қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері сияқты МӘМС шеңберінде медициналық көмекті тегін алатын болады. Студенттер сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін растау үшін "электрондық үкімет" порталында тіркеуден өтулері қажет. Нәтижесінде олар МӘМС шеңберінде жеңілдіктер санатына енгізіледі.
"Студенттер өтініштерін министрдің блогына да жолдады. Біз бірден әрекет жасап, олардың "электрондық үкімет" порталы арқылы тіркелуі үшін қажет жағдай жасадық. 10 күннің ішінде "Шетелде оқитын студенттерді тіркеу" қызметін 250-ге жуық адам пайдаланған. Ендігі кезекте олар медициналық қызметтерді тегін ала алады", – деп жазды Білім және ғылым вице-министрі Р.Биғари «Facebook»-тегі парақшасында.

 https://egemen.kz

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика