Елбасы Түркістандағы жаңа стадион мен көпфункционалды концерт залына барды

Елбасы Н.Назарбаев Түркістанға сапары барысында "Түркістан-Арена" стадионына және "Конгресс Холл" көпфункционалды концерт залына барды.

Спорттың әр бағыты бойынша жеке-жеке залы бар, 7000 орынға арналған стадион кәсіби спортшылардың дайындығына ыңғайланып салынған. "Самұрық-Қазына" АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады.
Елбасы, сондай-ақ концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға арналған көпфункционалды мәдени нысанмен танысты. Түркістан облысындағы көпфункционалды жалғыз кешен саналатын Конгресс-холлда отырыс өткізетін зал, 1000 көрерменге арналған концерт зал, 1900 шаршы метр аумақты алып жатқан көрме алаңы бар.


 https://egemen.kz

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика