Карантин шектеулеріне қарамастан ең көп той өткізген өңірлер белгілі болды

Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шектеулерге қарамастан ең көп той өткен өңірлерді жариялады.

 

ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына жауап берген министрлік 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап осы уақытқа дейін карантин кезіндегі тыйымға қарамастан той, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізу бойынша 1110 құқық бұзушылық тіркелгенін хабарлайды. «Карантин шектеулеріне қарамай ең көп той, еске алу шаралары (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізген Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары», - деп жауап берді министрліктен. Еске сала кетсек елде коронавирус жұқтырған азаматтардың саны тәулік бойынша азайғанымен, кейбір карантин шектеулері күшінде қалып отыр. Мәселен өткен аптада ғана екі облыста коронавирус табылған мектептер мен балабақшалар карантинге жабылған болатын. Нақтырақ айтқанда өткен аптада Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанда 1 6 баланың коронавирус жұқтырғаны хабарланып еді.

"ҚазАқпарат".

 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика