Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT

Категория: RÝHANIAT

ХАКІМ МҰРАСЫ – ЖАСТАРҒА ҚАЗЫНА

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, республика деңгейінде “Мүшәйра” жас ақындар конкурсын ұйымдастыруда. Хакім мұрасын жастардың санасына сіңіруді мақсат тұтқан шараға біздің өңірден 20-ға жуық үміткер қатысты. 16-19 жас аралығындағы талантты ұл-қыздардың өнерін бағалау міндеті М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің “Рухани жаңғыру” әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институтына жүктелді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 71

Категория: RÝHANIAT

ӨМІР – МАЙДАН

Аурухана бөлмесінің іші жым-жырт. Медбикенің әкеліп берген дәрі-дәрмегін қабылдап, түнгі ұйқыға дайындала бастағаным сол еді, жанымда жатқан Мәриаш апа ауыр күрсінді де: "...Менің бұл өмірге еш өкпем жоқ. Жеті жыл бойы өгей шешемен тұруға мәжбүрлеген әкемді де кешірдім. Мені дүниеге әкеліп, үш жасымда өзгенің шаңырағына қиып кеткен марқұм анамды да сөкпеймін. Жаратқанның маңдайға жазған тағдыры болар. Өмірде көп қиындық көрсем де, мұны Алланың бойымдағы қайратымды, төзімімді арттыру үшін берген сынағы деп қабылдадым. Шүкір, шүкір...", – деп орнынан қозғалғандай болды. Сырқатының салдарынан көңілі жабырқаулы екен ғой деген оймен бір ауыз сөзбен жұбатқаным сол еді: "Әке-шешем соғыстың бел ортасында жүргенде майдан даласында дүниеге келіппін. Ол кез ешкімге де оңай болған жоқ қой. Мен осы қос батырдың перзенті емеспін бе, кез келген өмір сынында мықты болуым керек", – деп әңгімесін жалғады. Жанына жақындай түсіп, қарияға әңгімеге ықыласты екенімді сездірдім.

 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 57

Категория: RÝHANIAT

АБАЙ АМАНАТЫ

Адамзат өркениетінің тарихы сан мәрте дәлелдегендей, ұлы тұлғалар көбіне көненің күйреп, жаңаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келеді. Жаратушы өз мейірі түскен ерекше жанның бойына нұрлы сипат дарытып, замананың сан алуан факторлары оның қайталанбас дара болмысын сомдайды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 49

Категория: RÝHANIAT

АРЫ ТАЗА АЗАМАТ ЕДІ...

Қазақстанның саяси-қоғамдық өмірінде жерлесіміз, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Жаңасу ауылы­ның тумасы Еркін Әуелбековтің есімі ерекше ілтипат­пен аталады. Ол көзі тірісінде белгілі де беделді, аузы дуалы аса көрнекті мемлекет қайраткерлерінің бірі де бірегейі болды. Басқа қызметтерін айтпағанда, Еркін Нұр­жанұлының Көкшетау, Торғай және Қызылорда об­лыс­тарын басқарған кездегі ерен еңбегін сол өңірлер­­дің тұрғындары әлі күнге дейін ұмытқан емес. Олар­дың қай-қайсының да экономикасын, әлеуметтік жағ­дайын көтеруге айтарлықтай үлес қосып, іскер де бі­лікті басшы ретінде тұрғындардың құрметіне бөленді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 66

Категория: RÝHANIAT

Батыр аға мен ақын іні сыйластығы

Қызылжар өңірі ұлтымыздың мақтанышына айналған талай ұл-қыздардың туған жері екені белгілі. Солардың бірі – даңқты жерлесіміз, соғыс және еңбек ардагері, Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов болса, екіншісі – белгілі қоғам қайраткері, ақын, сазгер Кәкімбек Салықов ағамыз. Батырдың туғанына қазан айының 9 күні жүз жыл толады екен. Соған байланысты батыр аға мен ақын інісінің өзім куә болған рухани байланысы туралы жазғалы отырмын.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 147

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика