Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT

Категория: RÝHANIAT

“САМАЛТАУ — ҚАЙРАН ЕЛІМ, ШАЛҚАР КӨЛІМ”

Самалтау - қайран елім, шалқар көлім,

Не болар солдат болып көрген күнім.

Есіме қайта-қайта түсе бердің,

Кір-жуып, кіндік кескен қайран елім!

 

Атты емеспін, жаяумын,

Жаяудан да баяумын.

Он бес күндей жүргенде,

Омбы жаққа таяумын.

 

Жасым бар қос мүшелдей, жылым – сиыр,

Тағдырдың айдауымен кеттім қиыр.

Самалтау, қайран елім артта қалды,

Адасқан өрісінен біз бір үйір.

 

Әке-шешем бар еді,

Жасы жеткен кәрі еді.

Осынау әнге салдырған,

Он алтының зары еді”.

Иә, осылай өрілетін “Самалтау” әнін қайта жаңғыртқандардың бірі – қазақ халқының күміс көмей әншісі, ғажайып дауыс иесі Димаш Құдайберген. Естіген жұрт ел шежіресіндегі қилы кезеңді сипаттайтын туындыны халық әні деп қабылдап жүр. Алайда, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Үміт Асайынова “Самалтаудың” авторы атасы, әнші Сұраған екеніне сенімді.

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы зарлы “Самалтау” Қытайдың Фучжоу қаласында “Жібек жолы” халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында шырқалған болатын. Кейін Американың Нью-Йорк қаласында да дәл осы ән талай шетелдіктің жүрегін елжіретіп, көздерін жасқа толтырғаны бар. “Олай етпеске де болмас, өйткені, туынды менің атамның және сол қысылтаяң замандағы талай қазақ жігітінің ауыр тағдырын баян етеді”, – деп бастады әңгімесін Үміт Асайынова.

“Самалтау” халық әнін орындаушылардың біразының репертуарынан ойып тұрып орын алады. Дегенмен, туынды Димаштың орындауынан соң көпшілікке кеңінен таныла бастады. Халық әнінің алғашқы шумағындағы “Самалтау” аталатын мекен қазіргі Қазақстан картасында көрсетілмеген. Туындының шығу тарихын зерттеп көрген әнші Ерлан Төлеутай әннің авторы еліне оралмаған, содан шығармаға арқау болған елді мекен де белгісіз қалған деп ой түйеді. Үміт апай болса, “Самалтау” өзіміздің өңіріміздегі Айыртау деген пікірде.

“Атамыз көзі жұмылғанша, “Айыртау, Айыртау” деп туған жері Сырымбетті аңсап өтіпті. Өлеңде туған жерінің атын жасырып, “Самалтау” деп өзгертуіне тура келген. Өскен өлкесінің Айыртау екенін жария етсе, оның кім екенін іздеп жүрген адамдар бірден біліп қояр еді. Жасырынып жүргендіктен, оны айта алмады. Бұл туынды атамыздың 1916 жылғы патша жарлығы бойынша уездегі өзге 5 жігітпен окоп қазуға бара жатып шығарған әні”, – деп әңгімесін жалғады Үміт Сапарғалиқызы. – “Атамыз сиыр жылында дүниеге келген. Сонда ол кезде Әнші Сұрағанның жасы шамамен 28-де екен. Сырымбет өлкесінен Омбыға жаяу шықса, тура жыр шумақтарында айтылғандай, орыстың қаласына 15 күнде жететін көрінеді”.

Әнші Сұраған Асайынның шаңырағында зарықтырып барып жеті қыздан кейін туған жалғыз ұл болған көрінеді. Ата-анасы Құдайдан сұрап алған баласына ырымдап Сұраған деп ат қойыпты. Ол Николай ІІ-нің жарлығы бойынша жер қазуға кетіп бара жатқанда әкесінің жасы 69-ды, шешесі елулерді алқымдаған. Ата-анасының қарттық шаққа жеткені жайлы өлеңде автордың өзі де айтып өтеді. Ұлының шаңырақ көтергенін әке-шешесі көре алмай, Сұрағанды үлкен апасы үйлендірсе керек.

Осындай сәйкестіктерді тізіп айтып берген Үміт Асайынова отандастарына әннің авторы Әнші Сұраған екенін дәлелдегісі келеді. Кезінде атасы оны өзі айта алмай кетсе керек. “1930 жылы қазақ өнерінің жарық жұлдыздарының бірі Үкілі Ыбырай “халық жауы” атанып, атылып кетті. Сұраған атамыз әнші, сазгердің ең жақын адамы болғандықтан, ақынның ізінше қамалуы тиіс еді. Бірақ Қарауылдан шыққан ағайындары оны жасыруының арқасында ғана аман алып қалды. Домбырасын да ешкімге көрсетпеген, балаларына үйретпеген. Малы кәмпескеленген ол Сібірде бой тасалады. Тіпті, біз кішкентай болғанда да ол жайлы көп айтыла бермейтін. Үйдегілер балалықпен бәрін айтып қоя ма деп сескенуші еді.

Осылайша, кейінгі ұрпағына ұлттық аспапты шерттіруге үрейленген Сұраған әнші өзі шығарған жыр шумақтарын да жасырып келген. Тек өзіне аманат етіп қалдырғандықтан, Үкілі Ыбырайдың шығармаларын шамасы келгенше, жұртшылыққа жеткізіпті.

“Қалдырған” өлеңінің соңында Үкілі Ыбырай менің атама қаратып, ізін жалғауды Сұрағанға аманат еткен. Оны дәлелдеген бірнеше адам бар. Атам көрнекті сазгердің шәкірті әрі жақын жолдасы болғандықтан, оның талай әнін халыққа жеткізген. Өкініштісі – Сұраған атамыздың өзі жайлы бір ауыз сөз сақталмапты. Ол жайлы жазылған қандай да бір дерек іздеп, талай мұрағатқа жүгіндік. Бірақ Көкшетау өңірінің архивіндегі алғашқы жазбалар небары 1930 жылдан басталады. Ол кезде атамыз Сібір жаққа қашып кетсе керек”, – деп шерін тарқатты зейнеткер. “ Әкем атамыздан соң екі жыл салып жол апатынан көз жұмды. Тірі болса, атамыздың атын да шығармаларын да жаңғыртар ма еді? Бабамыздан қалған арабша жазылған біраз құжаттар болды. Оны сандықта сақтап жүретін. Кейін біз көшіп-қонып жүргенде ол құжаттардан көз жазып қалдық,” – деп өткен күндерді өкінішпен еске алды Үміт апа.

Үміт Асайынова атасын соңғы рет бес жасында көрген. Көкшетау өңірінде оның қандай әнші болғанын білетін адамдар бар болуы мүмкін. Түрлі заманаларда бойындағы өнері түгіл, өзінің аты-жөнін, қазақ руханиятына қосқан үлесін жасырған адамдарды, олардың қилы тағдырын жас ұрпақ біліп өсуі керек. Ел арасында Сұраған әнші жайлы, халық әніне телініп жүрген “Самалтау” туындысы оның төл шығармасы екенін білетіндер кездесіп қалар, бәлкім. Құдайға шүкір, қазіргі заманды өткен уақытпен салыстыра алмаймыз. Әлдекімдердің көзі мен сөзінен жасырынудың қажеті жоқ, керісінше, ұмыт болған дүниелерді жаңғыртуымыз керек. Үміт Асайынованың да тілегі осыған саяды.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

“Soltústik Qazaqstan".

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 80

Категория: RÝHANIAT

Алғыс арқалаған Ақмарал

Дүниежүзін тарының қауызына сый­дырардай үрей құшағына алған әлем­дік пандемия кезінде біздің елде әрбір тұрғынның амандығы үшін бастарын бәйгеге тіге жүріп, алғы шепте қызмет еткен азаматтар қатары аз болды деп айта алмаймыз. Олардың қауіп пен қатердің белортасында ұйымдасты­рыл­ған жұмыстарын, адал еңбектерін ынталандыру мақсатында Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ха­лық алғысы" медалін тағайындаған бо­латын. Төтенше жағдай кезінде өңірі­міз­дегі қазақ баспасөзінің қарашаңы­рағы облыстық "Soltústik Qazaqstan" га­зе­тінің ұжымы да жұмысын бір сәтке тоқтатпады. Осы орайда өзі­нің еңбек­қорлығы мен ізденімпазды­ғы­ның ар­қасында сын сағаттарда қо­ғам­ға жан­а­шырлық таныта білген әріп­тесіміз, га­зе­тіміздің бөлім меңге­ру­шісі Ақмарал Есдәулетованың ең­бе­гін айта кету лә­зім. Облыстық әкім­дік­те өткен салта­натты шарада өңір басшысының орын­­басары Ғани Ны­ғы­метов оның кеу­­десіне "Халық ал­ғысы" медалін тақты.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 81

Категория: RÝHANIAT

ЖАЗУШЫ ЖОЛЫ

Жазушы, журналист Жақсыбай Самраттың 60 жасқа тол­ған мерейтойына орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада "Қарымды қаламгер" атты кеш өтті. Зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер мерейтой иесін құттықтап, шығармашылық жолы жайында әңгіме өрбітті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 39

Категория: RÝHANIAT

ҮШ ЖҮЗГЕ АТЫ МӘЛІМ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кі­тап­ханада өткен әдеби-сазды кеш ақын, сазгер Жаяу Мұса Бай­жанұлының туғанына 185 жыл толуына орайласты­рылды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 52

Категория: RÝHANIAT

ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “Ұлттың абыройын ұлықтаған” деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы басқосу жазушы-журналист, Президент грантының иегері, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Жақсыбай Самраттың 60 жасқа толған мерейтойына арналды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 60

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика