Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT Қабіртастағы жұмбақ жазу

Қабіртастағы жұмбақ жазу

Жуырда қала тұрғындары орталық саябақтың аумағынан көне қабіртастың бір бөлігін тауып алған болатын. Ғалымдар ондағы арабша жазудың аудармасын жасады.

Облыстық мәдениет, мұрағат­тар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Әбдірисовтың айтуынша, тасқа жазылған көне жазуды М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлімінің ғылыми қызметкері Елесбай Нұржұма аударған.

– Алдын ала зерттеулерге сәй­кес қабіртасты XIX ғасырдың екінші бөлігі мен ХХ ғасырдың ба­сына жатқызуға болады. Онда “Дарол михнаттан дарол рахеге интиғал етілді (Михнат дүниесінен рақат дүниесіне көшті). Рахметолла Тағала...” деген жазу бар. Қабіртас иесінің аты-жөні белгісіз, – деді Досбол Әбдірисов.

Басқарма өкілінің айтуынша, қалалық Мәдениет және демалыс саябағы 1860 жылы пайдалануға берілген. Бір кездері оның аумағында мұсылман зираты болған. Ол жерде Алаш қайраткері, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың әкесі Бекен Жұмабайұлы жерленген.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика