Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT Еңбек – бәрін жеңбек

Еңбек – бәрін жеңбек

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада аға буын өкілдері мен жастардың қатысуымен “Еңбек – адамзат байлығы” тақырыбында “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Елімізде Еңбек күні 2013 жылдан бері қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып келеді.

Адамзат өзін және отбасын қамтамасыз ету мақсатында еңбек етіп, табысты болуға талпынады. Көпті көрген қарттар “дөңгелек үстел” басында осындай ой айтып, соңынан ерген жастарға маңдай термен келген нанның дәмді болатынын ұғындырды. Жас толқынға үлгі ретінде еңбек ардагері Геннадий Языковты айтуға болады. Ол еңбекке ерте араласты. Зейнет жасына жеткенге дейін мінсіз қызметі үшін бірнеше наградаға ие болған. “Адам адал еңбекпен ғана молшылықта өмір сүре алады. Осы орайда мамандықтың жаманы жоқ дер едім. Кез келген салада пайдаға, өзгенің құрметіне кенелуге болады. Ол үшін ең керегі еңбек етуге деген ынта-жігер”, – деген Геннадий Языков соңғы кезде қоғамда бала кезден еңбекке баулу дәстүрі жоғалып бара жатқандығына қынжылды.

Облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы ақпарат және қоғамдық даму орталығының нұсқаушысы Бибігүл Сұлтанова жастарды жұмыспен қамтудың негізгі бағдарламаларына тоқталды. Шара соңында жиналғандар тақырыпқа орай әзірленген кітап көрмесін тамашалады.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика