Категория: RUHANIAT

- Құрылды 17 Мамыр 2022
СӨРЕДЕ – ҚҰНДЫ ҚҰЖАТТАР
Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай, облыстық полиция департаменті музейінің көшпелі көрмесі ашылды. Альбомдар, кітаптар, планшеттер, баннерлер – мыңдаған фотосуреттер, коллаж бен мұрағаттық мақалалар түрінде жинақталған материалдар музейдің кең залына қойылды.
Категория: RUHANIAT

- Құрылды 17 Мамыр 2022
“Болмаса да ұқсап баққан” өрендер
Дәстүрлі Абай және Мағжан оқуларының облыстық кезеңі Петропавлдағы данышпанның атын иеленген мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында өтті. Оған 3-11-сынып оқушылары қатысты.
Категория: RUHANIAT

- Құрылды 17 Мамыр 2022
Есімдері – ел жүрегінде
Қазақтың қайтпас батыры, қаһарман қолбасшысы Бауыржан Момышұлының “Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты”, – деген қанатты сөзі бар. Отанының аспанына бұлт үйіріліп, жау қыспаққа алғанда қолына қару ұстап, қан майданға аттанған, абыройына дақ түсірмеген ата-баба ерлігі ұмытылмасы анық. Соның бір айғағы Шал ақын ауданындағы Бірлік ауылында ашылған естелік тақта десе болады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай соғысқа қатысқан жауынгерлер мен тылда еңбек еткендердің есімдері тасқа қашалып жазып, өскелең ұрпаққа үлгі болар игі іс тындырылды.
Категория: RUHANIAT

- Құрылды 16 Мамыр 2022
ҚАЛАМГЕР ЖОЛЫ
Көрнекті ақын, журналист, қоғам қайраткері Ғалым Малдыбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай “Жыршыл жүрек” атты поэзия кеші өтті. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ұйымдастырылған шараға ақынның жерлестері, замандастары, шәкірттері қатысып, тұлғаның өмір жолынан сыр шертетін әдемі естеліктер айтты.
Категория: RUHANIAT
- Құрылды 16 Мамыр 2022
Ақынның тілдік тұлғасы
Алыптардың ізін басып, олармен бірге халық мұңын, халық қуанышын жырлап, шабыт туын көтерген ақын-жазушылардың ортасында Ғалым Рахметұлы Малдыбаев болды. Ақын шығармашылық өмірінде көркем әдебиеттің әр саласына араласып, туған әдебиетіміздің барша жанрының дамуына сеп тигізіп, атсалысқан. Атап айтқанда, алғаш әдебиетке қысқа өлеңдермен келген ол поэма жанрын меңгере жүре, драмалық шығармалар жазып, сын-сықақ жанрының қазақ әдебиетінде дамуына қызмет еткен болатын. Қазақ әдебиетінің көгінде өмір бойы жемісті еңбек еткен ақынның қаламынан біршама сүбелі туындылар “Қырым қызы”, “Батыр туралы жыр”, “Ақ келін”, “Шахтер”, “Ана әңгімесі”, “Қажымұқан”, “Қошан қарттың әңгімесі”, “Жиырма сегіз батыр”, “Көрұғылы”, “Қорқыт батыр”, “Сарыарқаға саяхат”, т.б. оқырман қауымынан лайықты бағасын алған. “Ғ.Малдыбаевтың қай поэмасын алсаңыз да, ерлікті, батырлықты, батылдықты шабыттана жырлайтыны рас. Ол поэмалардың кейіпкерлері ары таза, сезімтал жандар болып келеді. Ақынның туындыларының қай-қайсысы да сюжеттік шығармаларға жатады, демек, автордың жүйелеп ұтар ситуациялары бар, шешім бар. Қайсыбір поэмаларын өлеңмен жазылған роман деуге де болатындай”.