“АҚЫЛДЫ ФЕРМА” — АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

Соңғы жылдары елімізде мал шаруашылығын дамытуға деген талпыныс жоғары. Оған саланың серпінді дамуы және өнімдерге сұраныстың артуы әсер етті. Дегенмен, сүт өндіру ісінің әлі де төмен екені әмбеге аян. Бұған бірнеше себеп бар. Елімізде сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуатының төмендігі, шикізаттың аздығы және сүтті сақтау мен тасымалдау жүйесінің дұрыс жолға қойылмағандығы бұл іске қолбайлау болып отыр. Тұтынушылардың талғамына сай өнім шығару үшін, алдымен, сапалы шикізат көзін қалыптастыру қажет.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 342

Арзан жанармай — диқанға жәрдем

Көктемгі егіс жұмыстарының басталуына әлі бірталай уақыт бар, бірақ диқандар қазірдің өзінде егіске дайындыққа кірісіп кетті. Бірнеше жылдан бері ризығын жерден тапқан шаруаларды қолдап келе жатқан “Траст Петролеум” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де өз жұмысын жандандыра түсті. Серіктестік диқандарды арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз етеді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 366

ОТҚА ТӨЗІМДІ БӨРЕНЕ Жаңа цехтың өніміне сұраныс жоғары

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” бағдарламасы арқылы ел ішінде кәсіпкерлікке кең өріс ашылуда. Шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік беретін жоба бойынша несие алғандардың бірі – жас кәсіпкер Нұрбек Смағұлов. Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының тұрғыны ағаш өңдеу цехын ашып, құрылыс материалдарын жасауды қолға алған.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 280

Лицензиясынан айырылған банк

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және да­мыту агенттігінің 2021 жылғы 11 ақ­пандағы №22 қаулысына сәй­кес "AsiaCredit Bank" АҚ-ның банк және өзге де операциялар мен бағалы қағаздар нарығында қыз­метті жүргізуге берген лицензия­сынан айыру туралы шешім қа­былданды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 243

ҚОЛЫ ҚИМЫЛДАҒАННЫҢ АУЗЫ ҚИМЫЛДАЙДЫ

Өткен жылы “Бастау” жобасы аясында Есіл ауданының 37 тұрғыны кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерді. Оның 8-і жеке кәсібін ашу мақсатында жеңілдетілген несиеге қол жеткізсе, 25-і қайтарымсыз гранттың иегері атанды. Солардың бірі – Бейбіт Әбілмәжінов.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 242

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика