
- 06 Қазан 2020
ЕҢБЕК АДАМЫНА ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚ
Еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау – кәсіподақ қызметінің басты басымдығы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында жаңа жағдайдағы экономикалық даму республика тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек екенін атап көрсетіп, жеті қағидатты бөле-жара көрсетті. Оның бірі – өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығы және технологиялық сипатын арттыру. "Өнеркәсіпке қолдау көрсетудің нақты шараларын да жетілдіру керек. Бізде жүйелі әрі біртұтас ұстаным жоқ. Соның салдарынан сансыз көп жобаға қаражатты ысырап етіп отырамыз", – деді Мемлекет басшысы. Бұл орайда екіжақты ұжымдық шарт шеңберінде әлеуметтік әріптестікті нығайтудың, заң нормалары негізінде қалыпты еңбек ахуалын тудырудың маңызы зор. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, "Машина жасаушылардың салалық кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігі және "Қазақстан инжиниринг ұлттық компаниясы" АҚ арасында салалық келісім ережелері түзіліп, өнеркәсіптік әлеуетті толық пайдаланудың, өндіріс орындарының стратегиялық қуатын ішкі-сыртқы нарыққа бейімдеудің, сапалы өнімдер өндіруде халықаралық стандарттарға жетудің жолдары белгіленген. Ұжымның еңбек ахуалын жақсартатын бірқатар нормалар енгізілді. Бұл, ең алдымен, барлық қызметкерлер үшін жалақыға 1,15 мөлшерінде коэффициент қосу, зиянды, ауыр және қауіпті еңбек учаскелерінде жалақы мөлшерлемелеріне салалық коэффициентті қолдану, бір жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйақы төлеу, тағы басқа жеңілдіктер қарастырылған.
- 06 Қазан 2020
Әлеуметтік картаның артықшылығы көп
"Қазпошта" АҚ әлеуметтік бағдар ұстанып, үнемі тұрғындардың қамын ойлайды. Компанияның жеке процессингтік орталығы ашылғалы "Қазпошта" өзінің төлем карталарын шығарып, тұтынушыларға арналған жаңа өнімдер мен қызметтер ұсына бастады.

- 03 Қазан 2020
ЗАУЫТ ӨНІМІНЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Дүниежүзілік экономикаға кері әсерін тигізген коронавирустың кесірінен елімізде бірқатар ірі кәсіпорындар, көптеген орта және шағын бизнес субъектілерінің жұмысы тұралап қалғаны белгілі. Дегенмен, сол қиындықтарға қарамастан, жұмысын жалғастырып, жаңа өндіріс орындарын ашқан компаниялар да бар. Солардың бірі – Петропавлдағы “SMB GROUP Family” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аталмыш компанияның цехтарында болып, өндіріс жұмысымен танысты.

- 28 Қыркүйек 2020
ҚОС АУРУХАНА САЛЫНУДА
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
- 28 Қыркүйек 2020
Түбіртек талап ет!
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен “Түбіртекті талап ет те, жүлдені ұтып ал!” акциясын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Өткен жылы аталмыш шараны өткізу барысында кейбір сауда орталықтары мен дүкендерінде түбіртек берілмейтіні анықталған еді. Сондықтан осы жылы аталған мәселені шешу бағытында “Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет!” деген атаумен акция қайта қолға алынды. Оған кез келген адам қатыса алады.