- 19 Қазан 2020
КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Коронавирус індеті экономиканың барлық саласына өз зардабын тигізгені анық. Осындай қиындыққа қарамастан, өңіріміздің 600-ге жуық тұрғынына жеке ісін бастауға көмек көрсетіліп, қайтарымсыз грант берілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

- 18 Қазан 2020
БАПТАЙ БІЛСЕҢ, ЖЕР ЖОМАРТ
Несібесін жерден терген аудан диқандары күзгі орақ науқанын кешіктірмей аяқтады. Ширақ қимылдаған Төменгі Бұрлық ауылындағы “Бабық-Бұрлық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ерекше атап өтуге болады. Егін мен мал шаруашылығын қатар алып жүрген агроқұрылым ауданда жауапты науқанды алғашқылардың бірі болып бітіріп отыр.

- 14 Қазан 2020
СЕРІКТЕСТІК ҚОЛҒА АЛҒАН ЖОБАЛАР сүт өндірісінің көлемін арттыруда
Жыл соңына дейін Петропавл қаласында сүт өнімдерін қайта өңдейтін жаңа желі іске қосылады. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов “Масло-Дел” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған цехтың мүмкіндігімен танысты.

- 14 Қазан 2020
Табыстың көзі – ауылда
Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны Евгений Золотарев соңғы бірнеше жылдың көлемінде қырыққабат, қызанақ және қияр өсірумен айналысуда. Туған өлкесінде кәсібін өрге домалатқан іскер жанның өнімін облыс тұрғындары тұтынады.

- 12 Қазан 2020
Бағасы арзан, сапасы жоғары
Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің барлық өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін өткізу бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Арнайы жасалған кестеге сәйкес өңірлердің ауыл шаруашылығы өкілдері биыл да астаналықтарды өздерінің арзан әрі сапалы өнімдерімен қуантуда.