Бизнес қолдауға ие

Еліміздегі кәсіпкерліктің кез келген нысаны – микробизнестен ірі құрылымдарға дейін мемлекеттің қаржылай және заңдық, ақпараттық қолдауына үміт арта алады. Солтүстік Қазақстан өңірінде мұндай көмек түрлерін облыстық кәсіпкерлер палатасы, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры мен ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының жергілікті филиалдары көрсетеді. Өңірлік орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында тиісті мекеме өкілдері атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, жаңа қызметтер жайлы баяндады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 213

Қағаз шығаратын зауыт

“Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 50-ден астам тауар түрін шығарады. Олардың қатарында пластмассадан жасалған тұрмыстық заттар, жүгері таяқшалары және тез дайындалатын кеспе тағамдары бар. Биыл кәсіпорын жаңа істі қолға алып, қағаз өнімдерін әзірлейтін фабрика тұрғызбақ.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 240

Астық қабылдауға дайын

Солтүстік Қазақстан облысы экономикасының өзегі – ауыл шаруашылығы. Оның ішінде астық өсіру – басты бағыт. Облыс бойынша астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 6,6 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде 45 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында 3,0 млн. тонналық және агроқұрылымдар мен қырман шаруашылықтарында 3,6 млн. тонналық қоймалар бар. Бұл өңірде өндірілген астықтың сақталуын толық қамтамасыз етеді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 144

“БАСТАУ” ТҮЛЕКТЕРІНЕ – ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ

“Бастау” бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгерген солтүстікқазақстандықтар “Атамекен Қызылжар” микроқаржылық ұйымынан жеңілдетілген несие рәсімдеу мүмкіндігіне ие. Аталған ұйым Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының жанынан “Бастаудың” түлектеріне қаржылай қолдау көрсету мақсатында құрылған. Ол үшін бастаулықтардың қолында оқуды тамамдағаны жайлы сертификат болуы тиіс.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 215

Қант қымбаттап, күріш арзандады

Елімізде күзге қарай қымбаттайтын тауардың бірі – қант. Бақшадағы дақылдар пісіп, халық қысқа қамданатын кезде бағасы өсіп шыға келеді. Биыл да сол үрдіс. Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің мәлімдеуінше, өңірде қанттың бағасы 10 пайызға өскен екен. Қанттың қымбаттауы басқа өнімдердің де бағасына әсер ететіні анық. Мәселен, өңірде май мен нан, ұн, дақылдар мен балық, ет-сүт өнімдері, тіпті тәтті тоқаштарға дейін бағасы өскен. Киім-кешек, ыдыс жуатын сұйықтықтар мен гигиеналық заттар, құрылыс тауарлары, дәрі-дәрмек, жанармай да қымбаттады. Автокөлік 7 пайызға, электр қуатының тарифы – 18,55, көгілдір отын 9,9 пайызға өсті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 185

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика