ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА — БІР МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ

Азық-түлік келісімшарт” корпорациясы осы күзде ұлттық қорға 1 миллион тоннадай астық сатып алады. Ал бұған дейінгі қоймадағы 410 мың тоннадан астам дақыл нан бағасы шарықтап кетпеуі үшін диірмендерге берілген. Қалғаны мал-құс фермаларына арналған жемазыққа жұмсалды.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” ҰК” АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және сату департаментінің директоры Рүстем Жанатаевтың айтуынша, биыл форвардтық қаржыландыру аясында жасалған келісімшарттар негізінде 760 мың тоннадан астам астық сатып алынбақ. Бұған қоса Үкіметтен жемазық ретінде дақылдар алуға қосымша 20 миллиард теңге бөлінбек. Оған 200 мың тонна келеді.

Жалпы форвардтық келісім бойынша негізінен бидайдың жұмсақ және қатты сұрыптарын, арпа мен қарақұмық, күнбағыс және зығыр, соя мен рапс сатып алынған болатын. Бұл келісімдер бойынша дәнді дақылдарды 15-ші қарашаға, майлы дақылдарды 1-інші желтоқсанға дейін өткізулері тиіс.

1 миллион тонна бидайдың қаншасы Солтүстік Қазақстан облысының диқандарынан алынатыны әлі нақтыланған жоқ. “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” ұлттық компаниясының өңірдегі өкілдігінің директоры Сағат Төлеудің айтуынша, тамыз айының 15-нен кейін ғана дақылдардың қай түрі қандай бағамен сатып алынатыны белгілі болады.

Сағындық МАУҒАЗИН,

Soltüstık Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика