Тиімді жоба

Облыста соңғы бес жылда мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік аясында 42 жоба жүзеге асты. Бұл мақсат үшін 10,4 млрд. теңге жұмсалды. Бұл туралы “Қазақстанның мемле­кеттік-жекешелік әріптестік орталығы” АҚ-ның өкілдері мен кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған іскер әйелдер кеңесінің мүшелерінің кездесуінде айтылды.

Облыстық кәсіпкерлер пала­та­сының бөлім басшысы Аслан Нұрсейітовтің айтуынша, мем­лекеттік-жекешелік әріптестік экономиканың барлық буынын қамтып отыр.

“Мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік туралы заң қабылданған­нан бері 42 келісімшарт жасалып, кәсіпкерлерге 3,9 млрд. теңге қа­ражат берілді. Биыл осы тетік арқылы 7 жоба жүзеге асады. Оның екеуі – білім беру, біреуі – денсаулық сақтау, екеуі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларына бағытталады”, –деді Аслан Нұрсейітов.

Озық жобалардың ішінде қо­қыс сұрыптау кешенінің құры­лы­сы да бар. “Қазақстанның мем­ле­кеттік-жекешелік әріптестік орта­лығы” АҚ өкілдерінің пікі­рінше, пан­демияның салдары­нан жо­ба­ға қатысуға тілек біл­дірушілердің саны азайған. Оның тағы бір се­бебі – жоба меха­низмінің күрде­лілігінде. Мемле­кеттік-жекешелік әріптестік елі­міз­де 2016 жылдан бері қолда­нылып келеді. Бұрын­нан қатыс­қандар оның мүмкін­діктерін тиім­ді пайдалана білді. Кейбі­реу­лер тез әрі оңай табысқа жетуді көз­дей­ді. Мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік – ұзақ уақытқа бағдар­ланған жоба.

“Қазір мектеп құрылысына басымдық беріліп жатыр. Өйткені елімізде әлі күнге дейін екі-үш ауысымда оқытатын және ескі мектептер бар. Қызылжар өңірін­де де білім ордаларына сұраныс жоғары. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы кәсіпкерлер бұл жобаларға қатыса алады”,– дейді “Қазақстанның мемлекет­тік-жекешелік әріптестік орта­лығы” АҚ фронт-кеңсе жобала­рының басқарушысы Махаббат Исабекова.

Мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік аясында Петропавлдағы “Копай” шағынауданында құны 4,5 млрд.теңге болатын 1200 орын­дық мектептің құрылысы жос­парланған. Қазіргі уақытта бай­қау құжаттары әзірленіп, да­йындық жүргізілуде.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика