Жол сапасы қашан жақсарады?

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысы кадрлық тағайындаулардан басталды.

Отырыста өңір басшысы жиналғандарға жаңадан тағайындалған облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев пен кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Ашметовты таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Жиын одан әрі облыс жолдарын жөндеу және күтіп, ұстау мәселесін талқылаумен жалғасты. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет баяндама жасады.

– Облыстағы автомобиль жолдары жүйесі 8996 шақырымды құрайды. Соның ішінде 1970 километрі республикалық, 7026 шақырымы жергілікті маңыздағы жол. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы ұзындығы 850 километр жол қалпына келтірілд. Жолдың 36 шақырымы күрделі, 166 шақырымы орташа жөндеуден өтсе, 292 километр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 27 миллиард теңге жұмсалды, – дей келе Мақсат Баяхмет үстіміздегі жылы жолдарды жөндеуге бюджеттен 24,5 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Соның ішінде 17,5 миллиард теңге республикалық бюджеттен қарастырылған. Нәтижесінде 700 шақырым автомобиль жолы жаңа кейіпке енбек.

Баяндамашы биыл Тайынша-Чкалов бағытындағы жолды қайта қалпына келтіру жұ­мыстары қолға алынатынын атап өтті. Үстіміздегі жылы жолдарды ағымдағы жөндеу мен қыста кү­тіп-ұстау үшін 1,2 миллиард теңге бағытталады. Ал аудандық ма­ңыз­дағы 355 шақырым жол ор­таша жөндеуден өтеді.

Отырыста “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Қуаныш Ескендіров өткен жылы атқарыл­ған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, 2021 жылы респуб­ли­ка­лық маңыздағы жолдарды қай­та жаңғыртуға 3,5 миллиард, күр­делі жөндеуге 900 миллион, орта­ша жөндеуге 2,2 миллиард теңге жұм­салады. Бүгінде бөлінген қар­жының 30 пайызы игерілді. Рес­пуб­ликалық маңыздағы автокөлік жолдарының 78 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Алайда өңір басшысы Құмар Ақ­сақалов “ҚазАвтоЖол” ұйымы та­рапынан атқарылған жұмыстарға кө­ңілі толмайтынын жеткізді. Мә­се­лен, жол бойына қызмет көр­се­ту нысандарын салу және жолау­шыға қызмет көрсету мәселелері сын көтермейді.

– Жол бойында жолаушыларға қызмет көрсететін жақсы нысан­дар жоқтың қасы. Бұл мәселе жыл­дар бойы айтылып келеді. Бі­рақ әлі шешімін тапқан жоқ. Ол үшін жауапты ұйымдармен бірле­се жұмыс істеу керек. Әсіресе, ау­дандық әкімдіктермен жұмысты жандандыру қажет. Жолдың бо­йындағы бірқатар тамақтандыру орындарында тазалық тәртібі мүлде сақталмайды. Бұл бағытта ешқандай жұмыс жүргізілмеуде, – дей келе Құмар Іргебайұлы жол­дың бойындағы повильондар ар­хитектуралық талапқа сай салы­нуы тиіс екенін атап өтті. Соны­мен қатар Дәуіт – Кішкенекөл ба­ғы­тындағы автомобиль жолының құрылысы сағызша созылып кет­кенін сынға алды. Тұрғындардың сапа­лы өмір сүруі үшін алдымен жол, су мәселесін шешу кезек күттір­мейтін жұмыс екенін айтқан об­лыс әкімі бөлінген қаржы мақ­сат­сыз жұмсалмау керектігін қа­таң ескертті.

Мемлекет тарапынан жол салу мен жөндеуге қыруар қаржы бөлінгенімен, бүгінде кейбірі сын көтермейді. Бұл орай­да жол активтерінің ұлттық сапа орта­лығы жол сапасы мен құрылысын қадағалауға жауапты. Қазір об­лыста аталмыш ұйымға қарасты жолдың сапасы мен құ­ры­лысына диагностикалық зерт­теу жүргі­зетін 17 жылжымалы зерт­хана жұ­мыс істейді. Елді ме­кендердің ішкі жолдарының сапа­сын қада­ғалау да маңызды. Ауылдық ок­руг әкімдеріне зор жауапкершілік жүктелген. 2019 жылы өңірде “Сапалы жол” жобасы қолға алы­нып, соның негізінде жолдардың жағдайына мониторинг жүргі­зілген. Жол құ­ры­лысын жүргізуде бірқатар кем­шіліктер де анық­талған. 2020 жы­лы күрделі жөн­деу жұмыстары жүргізілген екі нысан пайда­ла­ну­ға берілмеді. Бөлінген қаржы мем­лекетке қай­тарылды. Өңір бас­шысы Құмар Ақсақалов жолдың құ­рылысы мен сапасын қадаға­лауға қоғам­дық бақылауды кү­шей­ту қажет екенін жеткізді. Бұл мәселеде тұрғындар бейжай қалмауы тиіс.

– Жол экономиканың күрета­мыры ғана емес, елді мекендер дамуы­ның, халықтың өмір сүру сапасын жақ­сартудың көрсеткіші. Сон­дық­тан қаржыландыру жыл са­йын ұлғаюда. Биыл да қыруар қар­жы бөлінді. Соңғы үш жылда ша­мамен 2 мың шақырым жол жөн­делді. Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағ­дар­ламасы аясында 2100 кило­метр жолды жөндеу жоспар­ла­нуда. Жолдың сапасы мердігер ком­панияларға ғана емес, оған ба­қылау жүргізетін ұйымдарға да жа­уапкершілік жүктеуі тиіс, – дей ке­ле өңір басшысы Құмар Ақсақа­лов Жамбыл, Мамлют, Айыртау аудандарында қырқуар қаржыға жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, техникалық қадаға­лау жоқ екенін алға тартты. Бақы­лау болмаған соң, сапа да сын кө­термейтінін айтқан облыс әкімі қадағалауды күшейтуге қадаға­лау­ға кеңес берді. ,

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика