ЕҢБЕК АДАМЫНА ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

Еңбек адамының құқықтары мен мүдде­ле­рін қорғау – кәсіп­одақ қызметінің басты басым­ды­ғы. Президент Қасым-Жомарт То­қаев халыққа арнаған Жолдауын­да жаңа жағдайдағы экономика­лық даму респуб­лика тұрғында­рының әл-ауқатын арттыру­ға ба­ғытталуы керек екенін атап көр­се­тіп, жеті қағидатты бөле-жара көрсетті. Оның бірі – өнімділікті көбейту, экономиканың ау­қым­ды­лығы және технологиялық си­патын арттыру. "Өнеркәсіпке қол­дау көрсетудің нақты шараларын да жетілдіру керек. Бізде жүйелі әрі біртұтас ұстаным жоқ. Соның салдарынан сансыз көп жобаға қаражатты ысырап етіп отыра­мыз", – деді Мемлекет бас­шысы. Бұл орайда екіжақты ұжымдық шарт шеңберінде әлеуметтік әріп­тестікті нығайтудың, заң нор­ма­лары негізінде қа­лыпты еңбек ахуалын тудырудың маңызы зор. Индустрия және инфрақұрылым­дық даму министрлігі, "Машина жасаушылар­дың салалық кәсіптік одағы" қоғамдық бір­лестігі және "Қазақстан инжиниринг ұлттық компаниясы" АҚ арасында сала­лық келісім ережелері түзіліп, өнер­кәсіптік әлеуетті толық пай­да­ланудың, өндіріс орындары­ның стратегиялық қуатын ішкі-сыртқ­ы на­рық­қа бейімдеудің, са­палы өнімдер өндіру­де халық­ара­лық стандарттарға жетудің жол­­да­ры белгіленген. Ұжымның ең­бек ахуа­лын жақсартатын бірқа­тар нормалар ен­гізілді. Бұл, ең алдымен, барлық қызмет­керлер үшін жалақыға 1,15 мөлшерінде коэффициент қосу, зиянды, ауыр және қа­уіпті еңбек учаскелерінде жалақы мөлшер­ле­мелеріне сала­лық коэффициентті қол­дану, бір жыл­дағы жұмыс нәтижелері бо­йынша сыйақы төлеу, тағы басқа жеңіл­діктер қарастырылған.

Петропавл ауыр машина жасау зауы­тын­да мамандарды даярлау мен кәсі­би бі­ліктілігін көтеру ке­шен­ді түрде жүргі­зіледі. Кәсіп­орын басшылығы бизнесті қол­дау мен дамытудың мемлекеттік жо­ба­ла­ры­ның бел­сенді қолдаушы­сы саналады. "Нәтижелі жұ­мыс­пен қамтудың және жап­пай кәсіп­керлікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған бағдарлама­сы аясын­да жұмыс беруші оқу ор­талығы базасында желілік жетек­шілерді (инженер-технологтар мен олардың көмекшілері) қайта даяр­лау және біліктілігін арттыру курстарын ұйым­дас­тыруды дәс­түр­ге айналдырған. Құры­лымдық бөлімшелердің басшылары мен жауапты қызметкерлер үшін ең­бек заңна­ма­сының негіздері бо­йын­ша өткен курс­тар­дың біріне об­лыстық кәсіподақ орталығы­ның мамандары Л.Голенкова мен Ж. Тура­линов қатысып, өз тәжіри­бе­лерімен бөліс­ті. Оқу курстары жа­салған шартқа және бекі­тіл­ген оқу бағдарламасына сәй­кес жүр­гі­зіледі. Дәріс сағаттары, ситуа­ция­лық тап­сыр­маларды орын­дау, практика­лық тесті­леу сияқты фор­малар кеңінен қолданыла­ды. Пан­демия жағдайында оқу про­це­сі бар­лық санитарлық-гигиеналық нор­­маларды, әлеуметтік қа­шық­тық­ты сақ­тау және тың­дау­шылар­ды кіші топтарға бөлу ар­қылы жүр­­г­ізілді. Курста инженер­лер, қыз­мет, цех же­текшілері, топ, бю­ро техниктері, учаске ше­­­бер­лері – бар­лығы 93 адам бі­лікті­лік­те­рін же­тілдіріп шықты. Осы­лайша, жер­гі­лікті кәсіподақ ұйым­дары ең­бек нарығында сұ­раныс­қа ие ма­мандықтар бойын­ша бі­лікті кадр­ларды даярлауға, ең­бек ресурс­та­рын толықтыруға және ең­бек ұжымдарында еңбек қаты­нас­та­рының тұ­рақтылығын қам­та­ма­сыз етуге нақты жәр­дем­деседі.

Владимир Зарубин жетекшілік ететін бас­тауыш кәсіподақ ұйы­мы­ның бай тарихы бар. Кәсіподақ өн­дірістік процестермен ты­ғыз бай­­ланыста жұмыс істейді. Алда тұрған жалпы міндеттерді шешу үшін еңбек ұжы­мы мен кәсіпорын басшылығын үйлестіруді ал­ғы шарт санайды. Кәсіподақ коми­тетінің бас­тамашылдығымен дә­некерлеуші, темір жо­ну­шы, сле­сарь сияқты жұмысшы маман­дық­тары арасында кәсіби шебер­лік байқау­лары өткізіледі. Олар­дың оң нәтижелері разрядтардың жо­ғарылауына, жалақының өсуі­не айтарлықтай әсер етеді. Қауіп­сіз ең­бек ортасын қамтамасыз етуде кә­сіподақ­тың техникалық инспек­тор­­лары үлкен бел­сенділік таны­тып келеді. Ең бастысы, өн­ді­рістік жарақаттануды болдыр­мау өте ма­ңыз­ды. Кәсіподақ мү­шелерінің отбасыла­рын қолдау жайы да ұмы­тылмайды. "Мек­теп­ке жол", "Қарттар күні" акцияла­ры, спар­та­киадалар, басқа да спорт­тық, мә­дени іс-шаралар бұ­қара­лық си­пат­қа ие.

Киров зауыты биыл ноутбуктер мен планшеттерді құрастыруды игерді. Ұжым­дық шарт қайта жа­салды. Өндірістік тәжіри­бесі мол Ирина Мальцева басшылық ете­тін кәсіподақ ұйы­мы қызметкер­лердің кадрлық әлеуетін жақ­сар­туға әр кез назар аудара­ды. Жұмыс бе­руші персоналды оқыту жү­йе­сі кәсіподақ қаражаты есебі­нен өтеледі. Жоғары оқу орында­рын үздік бітірген жас мамандар­дың лауазымдық жалақысына 5 пайызға, шетелдік мамандарға 10 пайызға дейін үс­теме қосу қарас­тырылған. Еңбекті қорғау жө­нін­дегі техникалық инспекторлар­дың қыз­метін ынталандыру үшін еңбек қа­уіпсіз­дігі және еңбекті қорғау нормаларын бұзу­дың әр­бір анықталған жағдайы үшін 1 ай­лық есептік көрсеткіш мөл­шерін­де көтер­мелеу төлемдері белгі­лен­ген. 5 жылдан 30 жылға дейін үзіліссіз жұмыс өтілі барлар зей­нетке шыққанда 20 мыңнан 70 мың тең­геге дейін біржолғы сыйақы төленеді.

Кәсіподақ ұйымдары жұмыс­шы қызметкер­лер­дің әлеуметтік мүдделерін қорғауды қашанда басты парыз санайды. Олардың жү­йелі жұмыстарының арқасын­да еңбек адамының әл-ауқатын арт­тыруға бағыт­тал­ған әлеумет­тік әріптестік шарттары жү­зеге асы­рылып келеді. Республика кә­сіп­одақтар федерациясы 2021 жылды "баста­уыш кәсіподақ ұйы­мы жылы" деп жария­лады. Бұл шара кәсіподақ қозғалысының да­муына, әлеуметтік серіктестіктің кеңеюі­не, еңбек заңнамасы та­лап­тарының сақта­луына, еңбек дау­ларының алдын алуға жә­не ең­бек ұжымдарының тұрақтылы­ғын қамтамасыз етуге игі ықпал тигізері сөзсіз.

Самат ЖҰМАТАЙҰЛЫ,

облыстық кәсіподақтар орталығы "Келешек" жастар кеңесінің жетекшісі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика