Түбіртек талап ет!

Облыстық мемлекеттік кі­рістер де­партаментінің бастамасымен “Түбіртекті талап ет те, жүлдені ұтып ал!” акциясын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Өткен жылы аталмыш шараны өткізу барысында кейбір сауда орталықтары мен дүкендерінде түбіртек берілмейтіні анықталған еді. Сондықтан осы жылы аталған мәселені шешу бағытында “Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет!” деген атаумен акция қайта қолға алынды. Оған кез келген адам қатыса алады.

Акция шартына сәйкес қалаған затын сатып алған адамға ақысын төлегеннен кейін түбіртек берілуі тиіс. Ал сатушы түбіртекті бермеген жағдайда, тұтынушы облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне шағымдана алады. Бұл үшін ұялы телефондағы “App Store” немесе “Play Market” арқылы “Wipon” мобильді қосымшасын жүктеп алу жеткілікті. Қосымшада “Шағым жолдау” батырмасын басып, бейнекамераға түсірілген жазбаны қоса жіберу керек. Арнайы әзірленген мобильді қосымша арқылы түскен өтініштердің барлығы жеке қаралып, факті расталған жағдайда шағым беруші ұялы телефонына мың теңге көлемінде сыйақы алады.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының айтуынша, акцияға қатысты туындаған сұрақтарды ведомствоның әлеуметтік парақшалары арқылы да жолдауға мүмкіндік бар. Чекті жібергеннен кейін қатысушы ұялы телефонының теңгеріміне қаражат ұтып алу мүмкіндігіне ие болып қана қоймай, әрбір чек жыл соңында 1 млн. теңге ұтыс ойынына қатысады. Сондықтан неғұрлым көп түбіртек жіберген адамның ұтыс мүмкіндігі де еселенеді.

Дархан ДӘУЛЕТОВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика