Жаңа бағдарлама

Елімізде “5-10-20” бағдарла­ма­­­сы бойынша баспаналы бол­ғы­сы келетіндерден өтініштер қа­былдау басталды. Жаңа бағдар­мала­ның артықшылықтары жай­лы “Qyzyljar” телеарнасында ті­келей эфирде өткен брифингте “Қазақ­стан тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі” АҚ-ы облыстық филиа­лы директорының орынбасары Рай­­хан Әбдірахманова мәлім­деді.

Аталмыш қаржы институты жү­зеге асы­ра­тын қанатқақты жоба “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдар­ламасы­ның жаңа бағыты болып табыла­ды. Ол баспаналы болуды арман­даған қазақстандықтарға жеңіл­детілген шарттармен несие беру мақсатында әзірленген.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тап­сыр­масына сәйкес әзірленген жо­баны жүзеге асыру үшін ел бюд­же­тінен 390 млрд. теңге бөлу жос­парланған. Бұл қаражат ел бо­йын­ша 7-8 мың­дай отбасыны бас­панамен қам­туға бағытталады. Қазіргі уақытта “Қазақстан тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі” АҚ-ы об­лыстық фи­лиа­лы 6 млрд. теңге­нің траншын алып үлгерді, – дейді Райхан Ті­лек­қызы.

Брифингте “5-10-20” бағдарла­ма­сына кімдер қатысады деген сұрақ қойылды. Баяндамашының айтуынша, бірінші кезеңде 1986-2010 жылдар аралығында баспа­на­ға мұқтаж азаматтар ретінде кезекке тұрған қазақстандықтар ғана қатыса алады. Бағдарлама қа­тысушылары жылдық мөлшер­лемесі 5 пайызды құрайтын заем­ды алу үшін қаржы институтында­ғы шотында пәтер құнының 10 па­йыздық бастапқы жарнасын жи­науы керек. Несиелендіру мерзімі 20 жылды құрайды. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты айда отбасының әр мүше­сіне санағанда бір айлық табысы 101271 теңгеден аспауы тиіс. Яғ­ни, отбасының әр мүшесіне шақ­қанда ай сайынғы табыстың мөл­шері 3 күнкөріс шегінен аспаса, онда олар “5-10-20” бағдарлама­сына қатысуға мүмкіндік алады. Аталмыш бағдарлама аясында пә­терлерді тек жаңа салынған тұрғын үйлерден ғана алуға болады.

– Әкімдік кезегінде тұрған аза­маттар өтініштерін 17 тамыздан бастап 16 қыркүйекке дейінгі ара­лықта банктің ресми сайты арқы­лы электронды түрде бере ала­ды. Бұл “Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі” АҚ-ы клиенттеріне де, әзірше банктен депозит ашқаны­мен, клиенттердің қатарына қо­сы­лып үлгермеген тұрғындарға да қатысты, – дейді Райхан Әбді­рахманова.

Қазіргі уақытта тұрғын үйлер­дің 1 шаршы метрі біздің өңірде 160 мың теңге мөлшерінде белгі­ленген. Жеке құрылыс компания­лары салған үйлерден сатып алы­натын пәтерлердің бағасы 12 млн. теңгеден аспауы тиіс. Мәсе­лен, солтүстікқазақстандық отба­сы жоба аясында 10 млн. теңгенің пәтерін сатып алатын болса, бас­тапқы жарна 1 млн. теңгені құрай­ды. Жоба талабына сәйкес клиент алғашқы 8 жылда ай са­йын – 77666 теңгеден, ал кейін 38859 теңгеден төлем жасауы керек.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústik Qazaqstan”.

 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика