БИЗНЕС ЛОКДАУННАН ШЫҒА БАСТАДЫ

17 тамыздан бастап бизнес өкілдері локдауннан шыға бастады. Осыған байланысты жұмысын бастауға рұқсат берілген бизнес нысандары www.іnfoкazakhstan.kz сайтында санитарлық нормалармен танысып, міндетті тіркеуден өтулері қажет.

Еліміздің бас санитар дәрігері­нің қаулысына сәйкес шағын жә­не орта кәсіпкерлік өкілдерінің жұ­мысын қайта бастау тәртібі белгі­ленген болатын. Ендігі кезекте іскер азаматтар www.іnfoлazakhstan.kz сайты ар­қылы санитарлық нормаларға сәй­кестік актісін алуы қажет. Бұл құ­жат кейін қағазға шығарылып, нысанның кіреберісіне немесе бірден көзге түсетін басқа жерге ілінуі керек. Бұл міндетті шартты орындамай жұмысын жүргізген биз­нес субъектілері әкімшілік жа­уапкершілікке тартылып, қомақ­ты айыппұл төлейтін болады.

Облыстық кәсіпкерлер пала­та­сының директоры Арман Ораз­ғұловтың айтуынша, “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы іске қосқан платформа арқылы жергі­лікті кәсіпкерлерден өтініштер көп­теп түсуде. Бүгінге дейін сайт­та Қызылжар өңірінен 4929 мың кәсіпкерлік нысан тіркелсе, оның 3541-і жұмысын бастауға рұқсат алды.

– Бұл платформа іскер аза­мат­тарды түрлі кабинеттерді ара­лап, құжат жинаудан босатады. Сайтқа кірген кезде кәсіпорын атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі (“БСН”) сияқты дерек­тердің бір бөлігі автоматты түрде жүктеледі. Қалған формаларды толтыру небары 10-15 минут уа­қыт алады. Бүгінгі күнге дейін плат­форманың көмегіне жүгінген солтүстікқазақстандық кәсіпкер­лер­дің үш мыңнан астамы жұмы­сын жүргізуге рұқсат алды. Қал­ғандары мониторингтік топтың тексерісінен өтулері қажет, – дейді Арман Сарыбайұлы.

Мониторингтік топтар кәсіп­кер­лік қызметтің бес түрін тексе­ріп барып қана жұмыстарын жан­дандыруға рұқсат береді. Әзірге 946 кәсіпкерлік нысан санитар­лық-эпидемиологиялық қызмет­тің тексерісінен өткеннен кейін ға­на жұмысын бастамақ. Олардың қатарында сауда үйлері, базар­лар, балалардың сауықтыру ла­герьлері, боулинг және бильярд залдары бар. Нысандар ашыл­мас бұрын олардың дайындығы тек­серіліп, анықталған кемшілік­терді түзету талап етіледі. Кәсіп­кер­лер өз ғимараттарында кварц­тау шараларын жүргізуі ке­рек. Осыған орай аталмыш құ­рылғыны сатумен айналысатын кәсіпкерлердің тізімі жасалып, биз­нес өкілдеріне таратылған. Бұдан бөлек, антисептиктердің, тұрмыстық химияның қоры және медициналық маскалар мен қол­ғаптар сияқты жеке қорғаныш құ­рал­дары болуы қажет. Әлеумет­тік арақашықтық сақталуы тиіс.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика