Жақсылық жасап жарысуда

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер шілде айының ортасында бастау алған #3zhanaádet челленджіне және “Жақсылық жаршысы” республикалық акциясына белсенді қатысуда. “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастама­сымен қолға алынған акциялардың мақсаты – тұрғындар арасында санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтауды насихаттау, сонымен қатар тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық жасап жарысу.

Бүкіл әлемді дүрліктірген коронавирус­тың адам өмірі үшін қаупі зор екені даусыз. Сарапшылардың айтуынша, індеттің тара­луының 70 пайызы азаматтардың қара­пайым қауіпсіздік шараларын сақтамауынан болып отыр. Сондықтан палата басшылығы отандық кәсіпкерлерді әлеуметтік желі­лердегі жеке парақшалары мен шығарылып жатқан өнімдерінде ақпараттық жар­на­малары бар стикерлерді орналастыруға ша­қыруда.

Іскер азаматтар аталмыш әлеуметтік марафонға қатысып қана қоймай, сондай-ақ, өз ресурстарын да қолданып жатыр. Атап айт­қанда, 23 шілде күні Петропавл қала­сындағы “Семейный” супермаркеттері же­лісіндегі сөрелерде солтүстікқазақстандық­тарды бетперде кию, әлеуметтік қашықтық­ты сақтау, қолды жиі жуып тұруға шақыратын стикерлер жапсырылған жұмыртқа қорап­тары пайда болды. Бұл #3zhanaádet акция­сына қолдау білдірген “Фирма Алекри” жа­уапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімі. Ақ­параттық жапсырмалары бар өнім “Се­мейный” супермаркеттері желісінде саты­лымға шықты.

– Біз саламатты өмір салтын қолдаймыз. Ал қазіргі жағдайда денсаулығымыз, бүкіл адам­зат саулығы, бірінші кезекте тұрған шақта мұндай алдын алу шаралары артық бол­майды. Осы әдеттерді бойға тез сіңіретін болсақ, қалыпты өмірге соғұрлым тез орала­тын боламыз. Сондықтан тұтынушы­лары­мызды қоғамдық орындарда бетперде кию, екі метрдей арақашықтық сақтау, қолды сабынмен жуып тұру сияқты қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырамын. Сонымен қатар өзге кәсіпкерлерді осы акцияға атсалысуға үндеймін, – дейді серік­тестіктің директоры Александр Прядко.

Жуырда аталмыш акцияны қолдаушы­лар­дың қатарына тағы бір ірі компания қо­сылды. “Радуга” ЖШС-нің басшылығы “Deluxe” деп аталатын сұйық сабын құтысы­ның сыртына үндеу жапсырмаларын орна­ластырды. “Raduga KDR” брендімен таны­мал компанияның сабын шығаратын цехы осыдан үш жыл бұрын ашылған болатын. Бір ауысымда 5-6 тонна сұйық сабын шығары­лады. Өткен демалыс күндері үш әдетті ұс­тануға шақыратын стикерлер жапсырылған 200 құты сауда нүктелеріне жеткізілді.

Бұдан бөлек, солтүстікқазақстандық кә­сіпкерлер пандемия кезінде тұрмысы төмен отбасылар және барлық мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған “Жақсылық жар­шысы” республикалық акциясына бел­сен­ді қатысуда. “Атамекен” Ұлттық кәсіп­керлер палатасы және “Менің Атамекенім” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған қайы­рым­дылық марафонына кез келген адамның қатысуына мүмкіндік бар екендігі алдын ала хабарланған болатын. Нұр-Сұлтан қаласын­да бастау алған марафонның эстафетасы еліміздің басқа өңірлерінде жалғасын та­буда. Жуырда жергілікті бизнес өкілдері ма­ра­фон эстафетасын павлодарлық әріптес­те­рінен қабылдады.

Аталмыш акция барысында Петропавл қа­ла­сындағы қиын жағдайға тап болған көп­балалы отбасыларға және мұқтаж жандарға қажетті азық-түлік себеттері әзірленді. Бұдан бөлек, облыс тұрғындары ұн, макарон, өсім­дік майы, қант, жұмыртқа, шұжық және тәт­тілер сияқты бірінші қажеттілік тауарлары­мен бөлісті.

– Қазір еліміз қиын кезеңді бастан өтке­руде. Кәсіпкерлер ауруханалар мен ауруға шалдыққан азаматтарға қолдан келгенше көмек көрсетуде. Бұл біздің осы көмекке қосқан кішкене ғана үлесіміз. Шет қалмай, қа­йырымдылық акциясын қолдаған кәсіпкер­лерімізге алғысымыз шексіз. Бұл қиындықты да бірлігіміз арқылы жеңіп шығатынымызға сенімдімін. “Жақсылық жаршысына” қосы­лам деушілерге есігіміз ашық, – дейді облыс­тық кәсіпкерлер палатасының директоры Арман Оразғұлов.

Бүгіндері “Сұлтан-элеватор-диірмен-ма­ка­рон қоғамы”, “Сұлтан кондитерлік өнім­дері” акционерлік қоғамдары, “Якорь құс фаб­рикасы”, “Радуга”, “Vizavi Company”, “Сев­Есиль­Зерно” ЖШС-і, “Семейный” сауда же­лісі және тағы басқа компаниялар белсенді­лік танытуда. Сондай-ақ, “Черный брил­лиант” тобының, “Қоғамдық келісім” комму­нал­дық-мемлекеттік мекемесінің, “Qyzyljar” телеарнасының, облыстық рестораторлар мен отельерлер қауымдастығының және қалалық мәслихаттың өкілдері 50 азық-түлік себетін дайындап, оларды көмекке мұқтаж отбасыларға жеткізіп берді.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика