- 17 Қаңтар 2021
БАЛДЫР – МАЛҒА АЗЫҚ
Солтүстік Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтарының бірі ірі қара малдан мол өнім алу үшін жемазық ретінде балдырды қолдана бастады.

- 07 Қаңтар 2021
АЙЫРТАУДАҒЫ АЙТУЛЫ ЖОБАЛАР
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа жылдағы алғашқы жұмыс сапарын Айыртау ауданынан бастады. Өңір басшысы тауарлы-сүт фермаларының құрылыс алаңдарында болып, жылыту қазандығының жұмысымен танысты.

- 07 Қаңтар 2021
Қайыңнан дайын өнім
Өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында шетелден инвесторлар шақырылып, бизнес жүргізу үшін қаңырап қалған ғимараттар мен жер учаскелері берілуде. Елімізде баламасы жоқ фанера шығаратын комбинат – соның жарқын мысалы. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа кәсіпорынды аралап, инвестордың бастамасына сәттілік тіледі.

- 28 Желтоқсан 2020
ЗАМАНАУИ СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қызылжар ауданындағы Чапаев ауылында іске қосылған тауарлы-сүт фермасында болды. 720 сауын сиырға арналған ферма “Қызылжар сүт” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Серіктестік директоры Алмас Бектасовтың айтуынша, құны 3,3 млрд. теңге болатын кешеннің құрылысы “Аграрлық несие корпорациясы” акционерлік қоғамының облыстық филиалы арқылы қаржыландырылған. Алты пайыздық жеңілдікпен ресімделген қаражат негізінен құрылыс жұмыстарын жүргізіп, Симменталь тұқымды сиырларды сатып алуға жұмсалды.

- 28 Желтоқсан 2020
БИОЭТАНОЛ — БАЛАМАСЫ ЖОҚ ӨНІМ
Ұзақ уақыт тоқтап тұрған “Bio Operations” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде биоэтанол цехы іске қосылды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Тайынша ауданына жұмыс сапары барысында кәсіпорында болып, елімізде баламасы жоқ нысанның жұмысымен танысты.