Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ

АДАЛ ЕҢБЕК — АБЫРОЙ

Әр адамның қызметі қоғамға сіңірген еңбегіне қарай бағалана­ды. Сондықтан өмірім мен шығар­машылығымды бала тәрбиесіне және ана тіліме адал қызмет етуге арнадым. Күнделікті жұмысымда уақытпен санаспай, қайтсем де ана тілімнің мәртебесін көтеруге өз үлесімді қосуым ке­рек деген мақсат қойдым. Ал бүгінгі күні еңбегімнің жемісін көріп, шәкірттерімнің алғысына бөленіп жүрмін.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 276

БІЛІМНІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

Табиғаты тамаша “Орман” шағынауданындағы “Ақ қайың” бөбекжай-бақшасы осыдан екі жыл бұрын Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында пайдалануға беріліп, алғашқы бүлдіршіндерді қабылдаған едік. 140 орынға шақталған мекеме мамандары жеткіншектерді ойнау арқылы ойлауға үйретіп, денсаулығын шынықтырып, мектепке даярлайды. Әсіресе, сырқат балаларды сауықтыруға басымдық береміз. 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 285

ТАНЫМДЫҚ ШАРАЛАР

Мектеп кітапханасы жаңа оқу жылы басталғаннан бері белсенді жұмыс істеп, ауылдың қызу тіршілігіне араласып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді әңгіме өзегіне айналдырған бірнеше іс-шара ұйымдастырды. Бұған бірлігі жарасқан ауыл тұрғындарының, жастар мен оқушылардың атсалысқанын атап өту қажет. 

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 465

ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШІРІЛЕДІ

Газетіміздің 28 қараша күнгі санында “Tikeleı baılanys” айдарымен жарық көрген “Жаңашылдық жетістікке бастайды” атты мақалада “Жас өркен” шағынауданында салынып жатқан жаңа білім ордасының №3 орта мектеп ретінде жұмыс істейтіні айтылған болатын. Алайда, кеше облыстық білім басқармасынан хабарласып, жаңа нысан дайын болғаннан кейін оған Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің көшірілетінін ата-аналарға жеткізуімізді сұрады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 391

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ОРТАЛЫҒЫ

Облыс орталығындағы Оқушылар сара­йында өңір басшысының орынбасары Руслан Әлішевтің қатысуымен дарынды балаларды анықтап, қолдауға арналған орталық ашылды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 372

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика