
- 30 Желтоқсан 2021
Шәкірт шаттығы — мұғалім мерейі
Тимирязев ауданында оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ана тілімен сусындатып жүрген үш білім ошағы болса, солардың арасында бірегейі де, беделдісі де – Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернаты. Осыдан 14 жыл бұрын өз алдына шаңырақ көтерген білім үйі анадайдан көз тартатын 400 орындық үш қабатты зәулім ғимаратта орналасқан. Мектеп-интернат ашылғаннан бастап биылға дейін басшылық етіп, білім сапасының жақсаруына, материалдық-техникалық базасының нығаюына айтарлықтай үлес қосқан Айман Асанованың қызметі жоғарылап, аудандық мәслихаттың хатшылығына сайланыпты. Оның орнын басқан ізбасары Римма Дайырова, директордың оқу және тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары Бүркіт Сүлейменов пен Әсем Иманқұлова – бәрі жұдырықтай жұмылып, туған тіліміздің шамшырақтай жануына қалтқысыз қызмет етіп келеді.
- 20 Желтоқсан 2021
Білім көрсеткіштері неге төмен?
“Nur Otan” партиясы облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

- 16 Желтоқсан 2021
Қызылжардағы қазақ мектептері
Ұлттың ұлт болып қалуының, толыққанды өмір сүруінің бірінші әрі басты шарты – тілі. Мағжан ақынның “қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды тіл жоқ” деуі сондықтан. Бодандықтың қыл бұрауы одан әрі жалғаса берсе, қазақ халқы түп тамырынан ажырап қалар ма еді? Тәуелсіздік таңы атуымен ғана босағадағы ана тіліміз төрге озып, егемендіктің арқасында өңірде ұлттық білім үйлері біртіндеп ашыла бастады.

- 09 Желтоқсан 2021
“ТАНЫМ” СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Қызылжар Абай орта мектебі республикалық “Таным” сыйлығының иегері атанды. Айтулы марапатқа білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізгеніміз үшін ие болдық.
- 09 Желтоқсан 2021
Мектептегі қауіпсіздік — маңызды мәселе
Үстіміздегі жылы аудандық және қалалық білім бөлімдері облыстық басқарманың қарамағына өтті. Яғни Петропавл қаласы мен он үш ауданның білім бөлімдерін қаржыландыру облыстық бюджетке ауысты. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.