Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ

БІЛІМ АЛУҒА ЕШ КЕДЕРГІ ЖОҚ

Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Осыған дейін хабарланғандай, мектеп оқушылары мен студенттер қашықтан білім алуды жалғастырады. Алайда, ауылдық жерде орналасқан бала саны аз шағын жинақты мектептер штаттық режімде жұмыс істейді. Бұл жайлы “Qyzyljar” телеарнасының тікелей эфирінде өткен жаңа оқу жылына дайындық барысына арналған брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 211

ФОРМА КИЮ МІНДЕТ ЕМЕС

Төрткүл дүниені қыспаққа алған қатерлі індет салдарынан қалыпты тіршілігіміз бұзылды. Әсіресе, білім берудің бірнеше ғасырлық тарихы бар дәстүрлі үлгісінен қашықтан оқытуға ауысуымыз мәжбүрлі шара болғанымен, мүмкіндігімізді бағамдаған кезеңге айналғаны анық.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 307

Біліктіліктерін арттырды

Жуырда жалпы білім беретін мектептердегі “Кәсіпкерлік және бизнес негіздері” пәнінің 52 мұғалімі біліктілікті арттыру бойынша оқу курсынан өтті. Облыстық кәсіпкерлер палатасы жыл соңына дейін жалпы білім беретін 74 мектептің мұғалімдерін оқытуды жоспарлауда.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 189

ОҚУ ЖЫЛЫНА ӘЗІРЛІК ҚАЛАЙ?

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге өңір түлектерінің 71 пайыздан астамы қатысып, республикадағы орташа көрсеткіштен жоғары ұпай жинады. Оқушылардың төртінші тоқсанда қашықтан білім алғанын ескерсек, түлектердің жақсы нәтиже көрсетуі сапалы білім берілгенін айғақтайды. Алдағы жаңа оқу жылы да қашықтан басталатындықтан, оған дайындық тіпті тиянақты жүргізілуі тиіс. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті отырысында осы мәселе кеңінен талқыланды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 352

ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІКТЕН

Қазір қоғам күн санап өзгеруде. Бағдар­ла­ма­лық мақаласында Ел­ба­сымыз әлемде бағыты әлі бұ­лыңғыр, жа­ңа тарихи кезең бас­тал­­ғанын айт­қан болатын. Бірақ көш басын­да­ғы елдермен иық тү­йістіру үшін ұлт­тық бол­мыстан ажы­рап қал­мау маңызды. Яғни, ұлт­­тық кодты сақ­тап, сананы жаң­ғырту керек. Ата­дан балаға мир­ас болған ұлт­тық салт-дәстүрді ал­дағы өркен­деудің берік діңі ретін­де қа­рас­т­ыр­ған абзал деп ойлай­мын. Тұңғыш Пре­зидентіміз Нұр­сұл­тан Назар­баев аталмыш ма­қа­лада: “Бола­шақ­та ұлттың та­быс­ты болуы оның табиғи байлы­ғы­мен емес, адамдардың бәсеке­лік қабілеті­мен айқындалады”, – де­ген бола­тын. Бұл – нақты әрі орын­ды айтыл­ған ой.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 310

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика