- 16 Ақпан 2022
ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ — НАРЫҚ СҰРАНЫСЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен өткізген кеңес барысында елдегі білім жүйесін реформалау қажеттігін айтты. Алдағы уақытта арнаулы және жоғары оқу орындары техникалық мамандықтарға басымдық берулері қажет. Біздің елімізде экономист, заңгер, менеджер секілді мамандар көптеп даярланады. Енді олардың қатарын техниканың тілін жетік білетін жастар да толықтыра түспек. Қазақстанда техникалық мамандықтарды меңгеруге көмектесетін әлемдік университеттердің филиалдары да ашылады. Бүгінгі сауалнамамызды осы тақырып төңірегінде өрбітуді жөн санадық.

- 11 Ақпан 2022
Мұғалім әдепсіз болса...
Мұғалім – мектептегі басты тұлға саналатындықтан, ісімен, сөзімен, мінез-құлқымен, керек десеңіз, жүріс-тұрысы және киім кию мәнерімен, былайша айтқанда, сыртқы келбетімен де үлгі болуға тиіс. “Шәкірттің жақсы болмағы – ұстазынан” демекші, балғындар оларға қарап ой да, бой да түзейді, жақсы өнегеге еліктеп өседі, өздеріне үлгі тұтады. Сондықтан оқушылар бағбаны білім нәрімен сусындатып қана қоймай, жоғары адамгершілік қасиеттері арқылы да тәлім-тәрбие бере білуге міндетті. Осы тұрғыдан алғанда, білім беру ұйымдарында ұстаздардың педагогикалық әдепті сақтауы мәселелелерін қарайтын алқалы орган болып табылатын педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің рөлі айрықша.
- 11 Ақпан 2022
Таңдаулылар қатарында
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті төртінші жыл қатарынан Білім және ғылым министрлігі мен “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп өткізетін білім беру бағдарламаларының рейтингіне қатысуда. Тәуелсіз бағалау 19 өлшем бойынша жүргізіледі. Мәселен, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі мен орташа жалақысы, оқытушылар құрамының сапасы, аккредиттеу және білім беру бағдарламаларының өзектілігі сынды бағыттарды қамтиды.

- 09 Ақпан 2022
Атына заты сай
2015 жылдан бастап елімізде “Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы” Заң жүзеге асырылып, халықаралық стандарттарға негізделген оң тәжірибелер қолға алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі” Жолдауында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін белсендірек қолдану қажеттігін атап көрсеткен болатын.

- 09 Ақпан 2022
СӘБИТ МҰҚАНОВТАН НЕГЕ ҚАШТЫ?
Көңіл-күйлерін сең соққан балықтай әрі-сәрі күйге түсірген мына хабарға сенер-сенбесін білмей аңтарылып қалған газет оқырмандары тиісті орындарға тынымсыз қоңырау шалып, ақиқаттың ақ-қарасын біле алмағандықтан редакцияға хабарласып, мән-жайды анықтап беруді өтінді. Мәселенің мәнісін білмек ниетпен Петропавлдағы Кошуков көшесінің бойында орналасқан білім ошағына келдік. Маңдайшада “№32 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі” деген жазу алыстан менмұндалайды. Бұрыннан көзіміз үйреніп кеткен “Сәбит Мұқанов атындағы” деген тіркестің жоқтығына таңдандық та, күйіндік те. Қанша іздесек те мектеп басшысын кездестіре алмаған күйі кері қайттық.