Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ

БІЛІКТІ МАМАНДАРҒА СҰРАНЫС БАР

Өңірімізде студент жастарға сапалы кәсіптік және техникалық білім беру нәтижелі жүзеге асырылуда. Бұл бағытта жұмыс істейтін 25 колледжден биылғы көктемде 3716 студент түлеп ұшса, бүгінгі таңда 10 мыңнан астам ұл-қыз білім алуда.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 53

ҚОР СТИПЕНДИЯСЫ – СТУДЕНТКЕ СЕРПІН

Мен жуырда Нұрсұлтан Назар­баев Қорының стипендиаты атандым. Қордың стипендиясына қол жеткізу – өзіңнің білімің мен қоғамдық өмірдегі белсенділігіңді дәлелдеуге тамаша мүмкіндік.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 132

“БОЛАШАҚ” – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БРЕНД

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамала­рының арасында “Болашақ” халықаралық стипендиясының орны ерекше. 1993 жылдан бері 14 мыңға жуық қазақстандық шетелдердің үздік деген жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігін иеленді. 10 мың түлек бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етуде. “Болашақ” түлектерінің алды Елбасының ізін жалғап, елімізді дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүр. Тұңғыш Президент берген мүмкіндікті қалт жібермегендердің бірі – облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығметовтен бірегей жобаның жемісі жайлы сұрап білдік.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 74

БІЛІММЕНЕН ҚАЛАНҒАН ӘР КІРПІШІ

Атауы сан мәрте өзгерсе де, білікті педагог кадрларын әзірлеу секілді басты ұстанымынан айнымаған, өңірдегі кәсіптік, гуманитарлық білім беру мекемелері арасында қарашаңырақ, көшбасшы саналатын байырғы оқу орындарының бірі – Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж екені даусыз. Өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастау алатын оқу орнының тарихы ерен еңбектерімен елге танымал тұлғалардың есімдерімен, шығармашылық қызметтерімен тығыз сабақтас. Колледжге осы тізімнің ұшар басында тұрған алты Алаштың ақиық ақыны Мағжанның аты беріліп, “жоғары колледж” мәртебесін иеленді. Көптеген бәсі биік байқауларда олжа салып, жаңартылған білім беру мазмұнын халықаралық стандарттармен, озық технологиялық бағдарламалармен, инновациялық жобалармен тығыз ұштастыра білген ұжымның бәсекеге қабілеттілік қарымы басқаларға үлгі. Оған бір ғасыр ішінде бағындырған биік белестері мен жеткен жетістіктері, 30 мыңнан аса маманды қанаттандырып ұшырғаны дәлел. Өңірдегі тарихы бай еңселі оқу орнының шаңырақ көтергеніне бір ғасыр толуына орай облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы барып, Мағжан салып кеткен дәстүрді абыроймен жалғастырып келе жатқан педагогтар қауымының қуанышына ортақтасты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұжымға жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 105

ЖҮЗІНЕН МЕЙІРІМ ТӨГІЛГЕН

Қиындықтары мен қуаныштары аралас бұл жалған өмірде са­бырлық сақтап жүретін, аузын ашса жүрегі көрінетін, маңа­йын­дағыларға мейірім-шуағын шашқан жандар көп емес. Бұл қа­тарға ұлағатты ұстаз, сыйлы әріптесіміз Ләззат Мазинаны қо­суға әбден болады. Біздің онымен таныстығымыз 2000-2012 жыл­дары Айбала Маженова басшылық жасаған облыстық мем­лекеттік тілді оқыту орталығында басталған еді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 189

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика