Сіз мындасыз: Home BILIM BERU Менеджмент жүйесін енгізу маңызды

Менеджмент жүйесін енгізу маңызды

 «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слетінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин жоғары оқу  орындарында жемқорлыққа қарсы менеджмет жүйесін енгізу қажеттігін айтты. Шара  онлайн және офлайн форматта өтіп,  университет пен колледждерде оқитын 300-ге жуық студент жастардың басын қосты.

 «ISO енгізу агенттігінің» директоры Анатолий Бандуро көтеріліп отырған мәселенің маңызды екенін  атап өтті.

«ISO 37001 халықаралық стандарт болып табылады. Басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларға практикалық, заңдық жағынан көмектер беру. Осылайша сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтауға және алдын алуға, қолданыстағы бақылауды күшейтуге, басқару жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы басқару мәдениетін қалыптастыруға ықпал етудің оңтайлы мүмкіндіктері жүзеге асырылады», – деген ол  жобалық кеңсенің  үстіміздегі жылғы  оқу жылына арналған жоспарларымен таныстырды. Бейнероликтер жасау, викториналар мен семинарлар өткізу, «Таза сессия», «Жатақханалар мониторингі», «Сенім телефоны» сияқты акциялар ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Облыстың жобалық кеңселерінің белсенді мүшелеріне, «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтарының слетіне қатысқандарға  сертификаттар тапсырды.

Слетте  «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Зель сөз сөйледі. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, әдеп кодексі, академиялық саясат және акедемиялық адалдық ережелері, ішкі тәртіпті, ашықтықты қамтамасыз ету саясаты мен стандарттары  бойынша бірқатар толықтырулар енгізілгенін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті институттың іске қосылғанын жеткізді.

 «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев слетті ұйымдастырудың жоғары деңгейде өткеніне алғысын білдіріп, студенттер жария еткен мәселелердің назарға алынатынын айтты. Мәселелерді бірлесіп шешу жөніндегі ұсыныстарды қолдады. Сөзінің қорытындысында әрбір оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бағдарлама әзірлеп, бекітуді, сондай-ақ «Саналы ұрпақ» клубтарының мүшелерінің қатарын көбейту  үшін үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді ұсынды.

 Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

облыстық сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика