Сіз мындасыз: Home BILIM BERU Ашық сабақ

Ашық сабақ

Тұғырлы Тәуелсіздіктің отыз жыл­дығы аясында өңіріміздің барлық мектептерінде “Тәуелсіздік жетістіктері” тақырыбында сынып сағаттары мен ашық сабақтар өтті. Олардың барысында оқушыларға Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығы түсіндіріліп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз мем­лекеттің қалыптасуы мен дамуы жолындағы еңбегі айтылды.

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп пен бірінші жалпы білім беретін ІТ-лицей оқушыларын еңбек ардагері Наталья Кашина мен облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінің бас редакторы Ербақыт Амантай отыз жылда қол жеткізген жетістіктермен таныстырды. Сонымен қатар еліміздің әрбір азаматының Қазақстан тарихын жетік білу қажеттігі сөз болды. Шара соңында ашық сабақ қатысушыларына әннен шашу шашылды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика