Сіз мындасыз: Home BILIM BERU Оқу ақысы қымбаттады

Оқу ақысы қымбаттады

Қыркүйектің 1-нен бастап М.Қозыбаев атындағы СҚУ-де қашықтан оқитын студенттер үшін біржылдық оқу құнының ең төменгі мөлшері 270 мың теңгені құрайтын болады. Бұған дейін 145 мың теңге төлеп келген. Оқуын дәстүрлі форматта жалғастыратындардың төлем құны да 395 мың теңгеден 445 мың теңгеге жетті. Медициналық мамандықтарға түсетіндер 740 мың теңгені шытырлатып санап береді. Магистранттар мен докторанттардың оқу ақысы өзгеріссіз қалды. Университет ректоры Ерлан Шуланов оқу ақысының қымбаттау себебін былай түсіндіреді:

– Соңғы екі жылда мектеп мұғалімдерінің еңбекақысы айтарлықтай көбейіп, білікті кадрлар кетуде. Енді қатардағы оқытушылардың айлық жалақысы 200 мың теңгеден кем болмайды. Ал оқу жүктемесі 900 сағаттан 680 сағатқа дейін азайтылады. Керісінше, білім сапасына қойылатын талаптар күшейтіліп, осы жағына барынша назар аударылады. Жұмысқа қабылдау барысында ғылыми журналдарда мақалалардың жариялануы, педагогикалық процестерге озық білім технологияларын енгізуі барынша ескеріледі, – деді ол.

Ректордың түсіндіруінше, қашықтан оқу университетке мүлдем келмеу деген ұғымды білдірмейді. Дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысу міндет болып табылады. Осы себепті бір семестрде кемі 5 апта аудиторияларда болу шарты қарастырылған.

“Тәжірибелі педагогтарды жұмысқа қабылдағымыз келеді, оған әжептәуір қаражат керек. Оның көздерін іздестіре келіп, әрі оқу шығындарының ең төменгі өзіндік құны 600-700 мың теңге екені ескеріліп, осындай қадамға бардық. Грантта оқитындар үшін мемлекет 990 мың теңге төлейді, ал ақылы бөлімдегілер бар-жоғы 145 мың теңге ғана береді. Бұл әділдік емес. Біз студенттерге бөліп төлеу сияқты икемді тетіктерді ұсындық. Университеттің негізгі қаражат көзі оқу ақысынан құралатындықтан, бұған түсіністікпен қараған абзал”, – дейді Ерлан Шуланов.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика