Сіз мындасыз: Home BILIM BERU Гранттар саны – 797

Гранттар саны – 797

Жаңа оқу жылында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне 797 грант бөлінді. Бұл жайлы жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Гүлмира Оспанова мәлімдеді.

Гранттардың 91-і “Серпін” бағдарламасы бойынша білім алатындарға ұсынылса, 300-і – педагогикалық квота. Облыс бюджеті есебінен тегін білім алу үшін тағы 50 грант берілді. Тегін оқуды аяқтаған соң, түлектер мамандығы бойынша үш жыл жұмыс істеуге міндеттеледі. Бұл гранттарға қол жеткізе алмағандар, өткен оқу жылында босаған гранттарға өтініш бере алады. Өтініштер электрондық үкімет порталында қабылданады. Виртуалды қабылдау комиссиясы демалыс күндері де жұмыс істейді. Жалпы жоғары оқу орнына оқуға түсу үшін талапкерлердің құжаттары 25 тамызға дейін қабылданады.

– Жастардың кейбірі ауылдық квотамен білім алса, міндетті түрде ауылда жұмыс істеу керек деп ойлап, гранттан бас тартып жатады. Мұндай талап жоқ. Ауылдық квотамен оқыған студенттер қалаған жерінде жұмыс істей алады. Шартты түрде қабылданған студенттерге келетін болсақ, олар бірінші академиялық кезеңнен кейін қайта ҰБТ тапсырып, оқуларын жалғастырады, – дейді Гүлмира Оспанова.

Грантқа ие болмағандар ақылы негізде оқуларын жалғастыра алады. Бүгінге дейін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне 140 талапкерден ақылы оқу жөнінде өтініш түсті.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика