Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ Мектеп компьютер беретін болды

Мектеп компьютер беретін болды

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар.

Біз өз кезегімізде оқырмандарымызды толғандырған сауалдарды тиісті органдарға жолдап, олардың жауабын газет бетінде жариялайтын боламыз. Хабарлама мәтіні түсінікті жазылып, оны жолдаушының аты-жөні, мекенжайы толық көрсетілуі қажет.

Редакциямыздың WHATSAPP желісіне Петропавл қаласында тұратын еңбек ардагері Мәлік Дүйсенбеков хабарласты. Ол облыс орталығындағы мектептердің бірінде жиендері оқитынын, олардың қашықтан білім алуға техникалық мүмкіндіктері жоқ екенін айтып, қандай көмек көрсетілетінін сұрады.

 

“Елімізде орын алған жағдайға байланысты жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады. Бұл орайда ата-аналар балалардың онлайн білім алуына дайын ба деген орынды сұрақ туады. Өйткені, кейбіреуінің компьютер сатып алмақ түгіл, ғаламтор желісіне қосылуға мүмкіндігі жоқ. Ата Заңымызда азаматтардың орта білімді тегін алуына кепілдік берілгені жазылған. Өкінішке қарай, компьютер сатып алу, интернет қосқызу, оған ай сайын ақы төлеуге тура келеді. Тегін оқу қайда қалады сонда? Жақында мектепте оқитын жиендерім үшін үйге интернет орнату мақсатында “Қазақтелеком” компаниясының көмегіне жүгінбек болдық. Өкінішке қарай, оператормен байланысу мүмкін болмады. Біз сияқты қартаң адамдар мен жағдайы жоқ ата-аналар енді қайтпек? Жергілікті билік тарапынан қандай қолдау көрсетілетінін білгім келеді”, – деді Петропавл қаласының тұрғыны.

Газет оқырманының бұл сауалына қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Динара Рақышева жауап берді:

– Петропавл қаласының тұрғыны Мәлік Қазыбекұлының оқушыларды компьютермен, интернетпен қамтамасыз ету бойынша көтерген мәселесін қарастырдық. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 9-сынып оқушысы Расул Наурызбаевқа мектеп әкімшілігі тарапынан ноутбук беріледі. Расулдың анасы жалғызбасты әрі уақытша жұмыс істемейтінін ескеріп, қайырымды азаматтардың бірі Рахымбек Зейнуллин ғаламтор жүйесін орнатуға қолдау көрсетпек.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика