Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ ОҚУШЫ СӨМКЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП

ОҚУШЫ СӨМКЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП

Халықаралық маркетингтік зерттеулер бойынша қазіргі кез­де балаларға арналған өнімдер нарығы жыл сайын 15-20 па­йызға өсіп отыр екен. Өнімдердің түрлері де өте көп. Алайда, көп­шілік олардың сапасы мен қауіпсіздігіне көңіл бөле бермейді.

Аталмыш тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігі – балалар

ден­­­­сау­лығының басты кепілі бо­лып табылады. Техникалық та­лап­тарды өрескел бұза отырып жасалған өнімдер жеткіншек­тер­дің денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл өнімдердің қауіп­сіз­дігіне қойы­латын талаптар “Бала­лар мен жасөспірімдерге арнал­ған өнім­дердің қауіпсіздігі туралы” (КО ТР 007/2011) Кеден одағының техникалық регламентімен белгі­ленген.

Екі аптадан кейін жаңа оқу жы­лы басталады. Коронавирусқа бай­­ланысты оқушылардың бір бөлігі бірінші тоқ­санды қашықтан оқығанымен, күнде мектепке ба­рып тәлім ала­тындар да бар. Осы­ған орай ата-аналар дүкендерді жа­ғалап, оқу­шылар сөмкесін са­тып алуда. Біз сапалы өнімді дұ­рыс таңдау үшін бірнеше талапқа назар аудару ке­ректігін ескер­те­міз. Ең алдымен, төмендегі та­лаптарды ескеру қажет:

– салмағы арқаға біркелкі түсе­тіндей арнайы қаңқасы және ба­ла­ның арқасын түзу ұстап тұруға мүмкіндік беретін ортопедиялық оқушылар сөмкесін таңдау;

– сөмкенің жолқапшық бауы ба­ланың иығына ауырлық түсірмеу үшін жалпақ және ыңғайлы ма­териалдан болуы керек. Баулар ұзындығы бойынша реттелуі тиіс. Бұл ретте рюкзак баланың белі мен мойынына кедергі келтір­мейтін болады;

– арқаға асатын сөмкенің сал­ма­ғы баланың бойы мен жасына сәйкес болуы тиіс;

– арқаға асатын сөмкенің сал­мағы 1000 грамнан аспауы қажет;

– оқушы сөмкесі мен порт­фель­дер жарық шағылыстырғыш эле­менттермен жабдықталуға тиіс. Олар сөмкенің шеткі жақта­рында және арқаның жоғары қақ­пақша­сында орналастырылып, түрлі түсті материалдардан да­йын­да­луы тиіс. Жарық шағылыс­тырғыш элементтер автомобиль жүргізу­ші­леріне қараңғы уақытта көше­ден өтіп бара жатқан баланы алыстан көруге көмектеседі.

Бұдан бөлек, дүкендерде ба­ла­лар мен жасөспірімдерге арналған былғары бұйымдарын са­тып алған кезде міндетті түрде өнім­нің таңбалануына назар ау­дару қажет. Атап айтқанда, өнім да­йындалған елдің атауы, дайын­даушының орналасқан жері (да­йын­даушының, уәкілеттік тұлға­ның), импорттаушы мен дистри­бьюторлардың атауы, бұйымның дайындалған күні, нарықтағы ай­налымның бірыңғай белгісі, өнім­нің жарамдылық мерзімі, тауар таңбасы болуы тиіс.

Ақпарат бұйым өндірілетін жә­не тұтынушыға сатылатын Кеден одағына мүше елдердің мемле­кеттік тілінде ұсынылуы тиіс. Мек­теп сөмкелері КО ТР 007/2011 “Ба­лалар мен жасөспірімдерге ар­нал­ған өнімдердің қауіпсіздігі ту­ралы” Кеден одағының техника­лық регламентінің талаптарына сәйкес болмаса алмаңыз. Аталмыш регламенттің қауіпсіздік та­лаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалау (растау) рәсі­мінен өткен балалар мен жасөс­пірімдерге арналған өнімдер Ке­ден одағына мүше мемлекет­тердің нарығында өнім айналы­мының бірыңғай белгісімен таң­ба­лануы тиіс.

Азамат КӘРІМОВ,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаментінің бас маманы – мемлекеттік бақылау жөніндегі инспектор.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика