Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ БАЛАБАҚШАЛАР АШЫЛДЫ

БАЛАБАҚШАЛАР АШЫЛДЫ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі штаб отырысында мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылданды. Бұл жайында облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова баяндады.

Бірақ балабақшаларда құрылған кезекші топтарға ата-анасы жұмысқа баруы тиіс балалар ғана қабылдануда. Әр топта 15 баладан артық болмауы тиіс. Ал қалған бүлдіршіндер үшін балабақшаның есігі 18 мамырдан бастап ашылады. Мектепке дейінгі ұйымдар қауіпсіздіктің барлық талаптарын қатаң сақтай отыра жұмыс істейтін болады. Ұйықтайтын бөлмелердегі балалар арасындағы арақашықтық 1 метрден кем болмауы тиіс. Есік тұтқалары, баспалдақ сүйеніштері зазалсыздандырылып, су ішуге бір рет қолданылатын стақандар пайдаланылады. Балалардың температурасы көтеріліп, жөтелгенде немесе суық тиіп қалған жағдайда бірден үйлеріне қайтарылады.
Сонымен қатар өңірімізде психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен аутизм орталығы өз жұмысын бастаса, қосымша білім беретін үйірмелер, дамыту орталықтары 18 мамырдан қызмет көрсететін болды. Ал мектептер мен колледждер қашықтан оқытуды жалғастыра береді.
– 18 мамырдан бастап 1-10-сыныптарда тоқсан бойынша жиынтық бағалау және 11-сыныпта бақылау жұмыстары өтеді. Биыл 9 және 11-сыныптарда қорытынды аттестаттау болмайды және мектептерде емтихан қабылданбайды. Ал аттестаттар жылдық баға негізінде беріледі. 5-сыныптан 11-сыныпқа дейін үздік оқыған түлек “Алтын белгі” алады. 10 және 11-сыныптарда үздік оқыған түлектерге “Үздік аттестат” беріледі. Біздің облыста 151 оқушы “Алтын белгі”, 116 түлек “Үздік аттестаттан” үміткер, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова.
Жылдағы дәстүрге сәйкес оқу жылы 25 мамырда аяқталғанымен, бұл күні соңғы қоңырау соғылмайды. Құзырлы органдар сақтық шараларын сақтау үшін соңғы қоңырау мерекесі және аттестаттарды тапсыруды 3-4 маусым күндері өткізуді жоспарлап отыр. Салтанатты шара міндетті түрде мектеп аумағында және таза ауада түлектердің қатысуымен ғана өтеді. Сондай-ақ, түлектерге аттестат тапсыру салтанатына мектеп формасын киіп шығу ұсынылды.
Колледждерге оқуға түсем деушілер үшін қабылдау комиссиясы 1 маусымнан жұмысын бастайды. Ал жоғары оқу орындарында оқығысы келетіндер Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруы тиіс. 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика