Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ

ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ

“Педагог мәртебесі туралы” Заңда мұғалімдерді кәсіби міндетіне жатпайтын басқа жұмыстарға тартуға жол берілмейді. Сондай-ақ, педагогтан заңда көрсетілмеген қандай да бір есепті немесе ақпаратты талап етуге де тыйым салынады. Педагогтардан негізгі төрт құжат қана талап етіледі. Оның ішінде мұғалім тек екеуін ғана күнделікті жазып отырады. Олар: сабақ жоспары мен сынып журналы. Қалған екеуі: күнтізбелік тақырыптық жоспарлау (КТЖ) мен жетекшілік бойынша құжат.

Бұған қоса Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі бұйрығында білім беру ұйымдарынан, педагогтардан қашықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша есептілікті не ақпаратты талап етуге тыйым салынып, білім беру ұйымдарына түрлі тексеру (мониторингтік) іс-шараларын өткізуге жол берілмейді.
Ұстаздардың құқығын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңнамада көзделген 20-дан 120 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл шараларды 1 сәуірден бастап жергілікті білім сапасын қамтамасыз ету департаменттері жүзеге асырады. “Педагог мәртебесі туралы” Заң бұзылса, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне хабарласуға болады.


Айнагүл СҰРАҒАНОВА,
облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы. 

Сурет: https://www.zakon.kz/

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика