- 16 Мамыр 2022
АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТЕ АЛМАДЫ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары баспасөз мәслихатын өткізді.
- 26 Сәуір 2022
Бастауыш сынып жабылмайды
“Soltüstık Qazaqstan” газетінің 21 сәуір күнгі санында тұрақты оқырманымыз әрі авторымыз, білім беру ісінің үздігі Әлия Малдыбаеваның “Жас маман бәсекеге қабілетті ме?” деген мақаласы жарық көрген болатын. Саналы ғұмырын Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатқа арнаған ардагер ұстаз еңбек жолын жаңадан бастаған мамандарға қатысты түйткілді мәселелерді қозғай келіп, өзі қызмет еткен оқу орнындағы келеңсіз жағдайды да тілге тиек еткен еді. “90 жылға тақау тарихы бар білім ошағында бастауыш сыныптар жабылып, тек бесінші сыныптан бастап қана қабылдайды дегенді естіп, қатты ренжідім. Қабырғам қайысқандай болды.
- 19 Сәуір 2022
Қорытынды кезең
Кеше “Ustudy” орталығының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 2021-2022 оқу жылының республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі басталды. Байқаудың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков өз сөзінде 18-23 сәуір аралығында өтетін республикалық олимпиадада облыстық кезеңнің жеңімпаздары болған 9-11 сынып оқушылары бақ сынайтынын жеткізді.
- 14 Сәуір 2022
Халықаралық стандарттарға сай
М.Қозыбаев атындығы Солтүстік Қазақстан университеті мен 136 жылдық тарихы бар Аризона қоғамдық ғылыми-зерттеу университеті (АҚШ) арасындағы әріптестік ынтымақтастықтың басты мақсаты халықаралық стандарттарға сай білім беру бағдарламаларын әзірлеу, екі тараптың ғылыми әлеуетін тиімді пайдалану болып табылады. Жақында Аризона университеті ректорының орынбасары Лизл Фолкс Қазақстанға жұмыс сапарымен келіп, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесіп, жоғары оқу орнына қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады. Ералы Тоғжанов Білім және ғылым министрлігіне осы жылдың қыркүйегінен бастап Аризона университетінің филиалына студенттерді қабылдауға тапсырма берілгенін жеткізді.

- 12 Сәуір 2022
ЗАМАНАУИ МЕКТЕП
Қызылжар ауданына қарасты Петерфельд ауылында кейбір қалалардың өзінде жоқ озық үлгідегі мектеп бар екенін естіп, тыныс-тіршілігімен танысу үшін солай тарттым. Сенімгерлік басқаруға берілген оқу ордасы Қызылжар Абай мектебі деп аталады. Кіреберістегі қабырғада ұлы ақынның “Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек” деген нақылы көп жайтты аңғартып тұрғандай.