
- 21 Қаңтар 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Марапаттау рәсімі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы одақтастық қатынастарды, сондай-ақ, достық пен ынтымақтастықты нығайту ісіне елеулі еңбек сіңіргені үшін Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинге Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасын табыстап отырғанын атап өтті.

- 20 Қаңтар 2021
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Мемлекет басшысына өңірдің 2020 жылғы даму қорытындылары мен Президент тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ, Қазақстан халқына арналған Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру жоспары жөнінде баяндалды.

- 20 Қаңтар 2021
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ – ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Жұмыс сапары аясында инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексеріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді. Үкімет басшысы алдымен Петропавл қаласындағы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы аумағында ашылатын электр техникалық өнімін өндіретін жаңа зауыттың құрылыс барысымен танысты. Жоба құны – 10 млрд. теңге. Кәсіпорынның қуаттылығы 300 жаңа жұмыс орнын құрып, жылына 13 мың трансформатор шығаруға жетеді.

- 20 Қаңтар 2021
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
Кездесуде Мемлекет басшысына Агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.

- 20 Қаңтар 2021
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндалды.