Ұлттық кеңестің жұмысы шетелдік сарапшылардың қызығушылығын туғызды - Президент

Ұлттық кеңес билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді институционалды құрылымға айналды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында айтты.

"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғанына 1 жылдан асты. Осы аралықта кеңес толық қалыптасты. Оның қажеттілігіне баршамыз көз жеткіздік. Ұлттық кеңес билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді институционалды құрылымға айналды. Кеңес  мүшелері еліміз үшін маңызды шешімдер әзірлеп, солардың жүзеге асуына күш салды. Осыған дейін өткен 3 отырыстың барлығы да пайдалы болғаны сөзсіз", деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, кеңестің жұмысы шетелдік сарапшылардың қызығушылығын туғызған.
"Пандемияға қарамастан кеңесте өзекті мәселелер тұрақты түрде талқыланып келеді, оған министрлер де атсалысуда. Жалпы сіздердің арқаларыңызда бірнеше маңызды бастама жүзеге асты. Сондай-ақ мемлекеттік саясаттың түрлі салаларын реформалауға қатысты жаңа ұсыныстар әзірленуде. Осы тұста кеңестің барлық мүшелеріне, соның ішінде ротация бойынша мүшеліктен шыққан азаматтарға да жемісті жұмыстары үшін алғыс айтамын", деді Қ.Тоқаев.


 https://egemen.kz

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика