Президент мемлекеттік қызметшілердің 55 пайыздан астамын әйелдер құрайтынын айтты

Әйелдердің мемлекетті басқару ісіне барынша белсенді атсалысуын жүйелі түрде іске асырып келеміз. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

"Біздің тұрақты түрде кездесіп тұруымыз жақсы дәстүрге айналды. Көпшілігіңізбен ел дамуының әртүрлі мәселелерін бірге талқыладық. Бүгінгі жиын ортақ жұмыстың бірқатар қорынтындыларын айқындауға арналып отыр. Негізгі жұмыстар кеңес отырыстарының аралығында жүргізіледі. Себебі тек бастаманы көтеріп қоя салу жеткілікті емес. Заң жобаларын әзірлеу, өзара мәмлеге келу жолдарын іздеу көп уақыт пен табанды еңбекті талап етеді", деді Президент.
Осы тұрғыда Мемлекет басшысы кеңес мүшелері айтқан идеялармен және ұсыныстармен мұқият танысып шыққанын тілге тиек етті.
"Биыл мамыр айында "Сайлау туралы" Заңға Ұлттық кеңес бастамасымен енгізілген өзгерістерге қол қойғанымды білесіздер. Соған сәйкес, партиялардың сайлауалды тізіміне әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізу қажеттігі заңдық тұрғыдан рәсімделді. Біз әйелдерге қолдау көрсетіп, олардың мемлекетті басқару ісіне барынша белсенді атсалысуын жүйелі түрде іске асырып келеміз", деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, статистикаға сәйкес барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің 55 пайыздан астамы - әйелдер.
"Парламент пен мәслихат депутаттарының 22 пайызы, судьялар корпусының 47 пайызы әйелдердің еншісінде. Оған қоса, биыл еліміздің тарихында тұңғыш рет әйел адам облыс басшысы болды. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесіндегі және биліктің өкілді органдарындағы әйелдердің үлесі бойынша посткеңестік елдер арасында көш бастап тұрған мемлекеттердің бірі", деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.


 https://egemen.kz

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика