Президент: Ұлттық кеңес - ұдайы жаңарып отыратын ашық диалог алаңы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында ротацияның негізгі мақсатын түсіндірді.

"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғам өкілдері мен сарапшылардың жабық клубы емес. Бұл ұдайы жаңарып отыратын ашық диалог алаңы. Мұнда түрлі ұстаным мен көзқарас тұрғысынан сан алуан пікірлер айтылады. Ротацияның негізгі мақсаты да осы. Ұлттық кеңесте бәтуаға келу қағидаты мен өткір мәселелерге деген сындарлы көзқарас орныққан. Бұл біздің қоғамдағы өзара пікір алмасу мәдениетінің айқын көрсеткіші әрі еліміздің тұрақты дамуының маңызды факторы деп санаймын", деді Президент.
Оның айтуынша, індеттен туындаған дағдарыс пен әлемдегі күрделі ахуал кезінде еліміздің одан әрі қарқынды дамуы үшін жаңа тәсіл, тың серпін қажет.
"Биылғы Жолдауымда мен барлық мәселені ашық айтып, оны шешудің нақты жолдарын ұсындым. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейту идеясы Жолдаудың негізгі өзегінде тұрған мәселе. Жалпы мемлекеттік басқару жүйесін реформалау өз алдына кең ауқымды міндет. Тіпті, бұл барлық реформалардың қайнар көзі. Мемлекетті жаңғыртудың басты арқауы десек артық емес. Біз бұл реформаны мемлекеттік жоспарлау жүйесін қайта құру ісінен бастауды ұйғардық", деді Мемлекет басшысы.


 https://egemen.kz

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика