БОЛАШАҚ — САНАЛЫ ҰРПАҚТА

Бүгінде қоғамның алдында тұрған күрделі әрі басты міндеттердің бірі – саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сақтауға, өз тілін мақтан ете отырып өзге тілді меңгеруіне ықпал ету. Ғылыми жаңғыру, жаhандану заманына сай мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосу, ел болашағын әлемге таныту да замандастарымыздың үлесінде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті мен жергілікті жоғары оқу орнының бірлескен іс-әрекетінің аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “Sanaly urpaq” жобалық кеңсесі ашылып, екі жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Жақында ашықтықты, академиялық адалдық пен “бармақ басты, көз қыстылыққа” қарсы заңнаманың сақталуын қатаң қадағалау міндеті жүктелген кеңсенің тұсаукесері өтті.

Қашықтан өткізілген тұсаукесер барысында мамандар студенттерге жұмыстарының негізгі мақсаты, бағыты жайлы баяндап, жергілікті жерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қандай да бір жұмысқа қабылдау және сатып алулар барысындағы ашықтық, білім алушылар мен оқытушылардың арасында жемқорлық фактілерінің алдын алып, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызына тоқталды.

Жобалық кеңсе осы уақыт аралығында ортақ міндетті жүзеге асыру мақсатында бірқатар бастамаларды қолға алды. “Буккроссинг-аймақ” құрылып, парасаттылық мектебі ашылды. Студенттердің емтихан тапсыруы кезінде “Таза сессия” акциясын ұйымдастыру да дәстүрге айналды. Еріктілер емтиханға қатысып, студенттердің тәртіп бұзбауын қадағалауда.

Жоғары оқу орнының сайтында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл” онлайн-порталы да жұмысын бастап, заң бұзушылық фактілері мен студенттерді толғандырған мәселелерді назарға алу үшін “Сенім жәшіктері” орналастырылды.

Университет басшылығының “openspace” форматындағы корпустар фойесінде студенттермен кездесуі жақсы дәстүрге айналды. Осылайша, жастар ректормен кездесіп, өздерінің ұмтылыстарын, бастамаларын, ойларын тікелей жеткізуге мүмкіндік алды.

Богдан ПЕТРОВ,

“Sanaly urpaq” жобалық кеңсесінің жетекшісі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика