ӨМІР ҮШІН КҮРЕСЕМІЗ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 13 шілдесін Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Мемлекеттік Ту төмен түсіріліп, телеарналардағы ойын-сауық бағдарламалардың барлығы тоқтатылды. Бұл күні мен де барша қазақстандықтармен бірге коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алдым. Дәл бүгінгі күні “Әр қазақ менің жалғызым” деген қанатты сөздің құдіреті артып, майданның алғы шебінде жүрген біздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Қанша жерден тырыссақ та, арамызға кіріп, ойран сала бастаған ауруды ауыздықтау оңай болмай отыр. Алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында тіркелген коронавирус күннен-күнге өршіп, әлем бойынша жүз мыңдаған адамның өмірін қиюда. Бұл қиын кезеңде, менің әріптестерім тәулігіне үш-төрт сағат қана тынығып, адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр. Бүгінгі күні барлық медицина қызметкерлері күнбе-күн ауруы асқынған азаматтарға жәрдем беруге, олардың дұрыс ем қабылдауына жауапты.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 71

Үй жағдайында коронавирустан қалай емделеді?

Дәрігерлер коронавирусқа қарсы үйде емделгенде аса сақ болуға кеңес берді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дәрігер Раушан Қарабаева короновирус инфекциясын амбулаториялық деңгейде емдеудің дұрыс жолын түсіндірді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 116

Алыпсатарлар қатаң жазаланады

Індет өршіп тұрған шырғалаң шақта дәрі-дәрмек құнының шарықтағаны халықтың ашу-ызасын тудырды. Көпшіліктің шағымын назардан тыс қалдырмаған Мемлекет басшысы негізсіз баға көтеру фактілері бойынша шұғыл түрде қатаң шара қабылдауды тапсырды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжанов Прези­дент пәр­менімен аталған келеңсіз жағдай­ды реттеу бойынша нақты шаралар қолға алынғанын мәлімдеді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 74

ДЕРТКЕ ДАУА ТҰЗДЫ КӨЛ жағасында шипажай қашан салынады?

Бірде Уәлиханов ауданына қа­расты Мырзағұл ауылына жолы­мыз түскенде “Теке” деп аталатын ақсортаң тұзды көл­дің жағасынан тынығушылар қара­сының үзіл­мей­тіні таңырқатқан еді. Шіл­денің шіліңгір ыстығында мұнда турис­тер Ресейден де үзбей келіп, ем-дом қабылдайтын көрінеді. Ертіс ала­бындағы су айдынының шы­ғы­сында – Мырзағұл, солтүс­ті­гінде – Жұмыс­шы, Өндіріс, Би­дайық, батысында – Ша­ғырсай, Көбенсай, оңтүстігінде Аман­гелді, Тілеусай елді мекендері орна­лас­қан. Жалпы ауданы 266 шар­шы шақырымды құраса, ұзындығы – 33, ені 20 шақырымға дейін созы­лып жа­тыр. Суының көлемі, ша­ма­мен, 10 млн. текше метр. Қа­зан­шұң­қырының беткейі – жайпақ. Жағалары –тік, жар­лы. Кей жер­лерінің биіктігі 6 метрге де­йін же­теді. Көлге ұзынды-қысқалы өзен­дер мен жылғалар құяды. Көнекөз қариялар­дың айтуларынша, өт­кен ға­сырдың аума­лы-төкпелі ке­зеңінде ба­ла-шағаны аштық­тан аман алып қалу үшін көлдің тұзын ар­шып, көршілес Омбы облысы­ның мұжық­тарына азық-түлікке айыр­бастаған. 1960 жылдары Мәс­кеуден экспедиция арнайы ат басын тіреп, Теке көлінің суын, саз-батпағын, жерасты байлығын зерттеп, фос­фор барын, сапасы­ның өте жақсы екенін анықтаған. Кейін түрлі себеп­термен жер қой­науын барлау тоқта­тылған. Қы­тай­лықтар бертінге дейін эколо­гия­лық таза тұзды суда ғана өмір сүретін қызыл шаян­дарды жинап әке­тіп, дәрілік, шипалық мақсатқа пайда­ланған. Айтпағымыз, жанға сая, ауруға ем мұндай қасиетті мекендер Қызыл­жар өңірінде көп кездескенімен, қаді­рін жете ба­ғалай алмай жүрген секіл­діміз. Солардың бірі – Мамлют ауда­нында орналасқан Меңгесер көлі.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 142

АЛҒЫСҚА БӨЛЕНУ – ЗОР БАҚЫТ

Дәрігерді құрметтемейтін адам кемде-кем. Ал егер ол өз ісінің білгірі болса, онда тіпті беделі биіктей түсері анық. Науқастарға қолынан келгенше көмек көрсетуді кәсіби міндеті санайтын білікті маман, №3 қалалық көпбейінді аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Руслан Тасов сынды абыройлы мамандар арамызда аз емес. Мерейлі мамандық иесімен Медицина қызметкерлері күні қарсаңында сұхбаттасудың сәті түсті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 361

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика