Бақылау күшейтілді

Мемлекеттік шекараны ке­сіп өту пункттерінде са­ни­тарлық-карантиндік ба­қылау шаралары күшейтілді.

Облыстық тауарлар мен көрсе­тілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депар­та­ментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, облысымызға өзге мемлекеттерден келген бар­лық адамдар шекара бекетте­рін­де дене қызуын өлшеп, анкета сұ­рақ­тарына жауап беруге міндетті. Сондай-ақ, өңір аумағына кіретін азаматтардың қолында "COVID-19" ауруын жұқтырмағаны туралы анықтама қағазы болуы шарт.

Шекарашылар мен тиісті орган өкілдері азаматтардың анықтама қағазының жарамдылығын мұқият тексерген соң, оларға коронави­рус инфекциясының алғашқы бел­гілері жайында түсінік береді. Ал анықтама қағазы болмаған жағ­дай­да жолаушылар шекарадағы арнайы орындарда тексеруден өтуі тиіс. Олар қан талдамалары жүргізілген соң ғана ел аумағы арқылы жүруге құқылы.

Дене қызуы жоғары адамдар екі тәулікке провизорлық ста­цио­нарға жөнелтіліп, мұнда "COVID-19" вирусын анықтайтын қажетті зертханалық сараптама жасала­ды. Ауру расталған жағдайда нау­қас инфекциялық стационарға жат­қызылады.

Гүлбике КУБЕНОВА,

"Soltústik Qazaqstan".

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика