АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Үкімет жуырда төтенше жағдай кезінде медициналық сақтандыру жар­налары бойынша берешектері бар тұрғындардың кейбір санаттарына МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін беру бойынша әлеу­меттік медициналық сақ­тан­дыру қорының бастамаларына қолдау білдірді.

– Біз әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына келіп түскен өтініштерге талдау жасадық және азаматтардың сақтандырылған мәр­­тебесінің болмауының негізгі себеп­­терін анықтадық. Қазақ­стан­дық­тардың бір бөлігі қатаң карантин мен төтенше жағдай кезінде МӘМС жүйесіне жарна төлеу мүмкіндігінен айырылды. Олардың медициналық көмекке қол жеткізуіне қолдау қажет болды. Қор Денсаулық сақтау министрлігі мен Үкімет қолдаған осын­дай ұсыныстарды әзірледі, – деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

Талдау көрсеткендей, “сақтан­дырылған” мәртебенің болмауы­ның негізгі себебі – 42,5 мың теңге мөл­­шерінде біржолғы әлеуметтік төлем алу үшін бірыңғай жиынтық төлем жасалуы. Осы­­ған байланысты ақпараттық жүйе­­лер оларды автоматты түрде БЖТ төлеу­шілер санатына ауыстырды. Тиісінше олар “Saqtandyry” базасында жеңілдетілген санаттардан “шығарылды”. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде төлемдерінде үзілістер болған жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатындар МӘМС жүйесінен тыс қалды.

Осыған байланысты, Үкімет мынадай шараларды қолдады:

– жалдамалы қызметкерлер соңғы 3 айда кемінде 1 төлем болған кезде және егер төлемдер бойынша берешек жыл басынан бері 2 айдан аспаса, МӘМС жүйесінде қалпына келтіріледі;

– жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ, соңғы 3 айда төлем болған жағ­дайда, жыл басынан бастап 2 айдан аспайтын берешегі барлар (Мем­лекеттік кірістер комитетінің ресми ақпаратына сәйкес олар қызметін тоқтатқан жағдайда) сақтандырылған адамдардың мәртебесін алады;

– төтенше жағдай кезеңінде же­ңілдік санаты­мен БЖТ төлегендердің төлемі есеп­ке алынбайды және сақтандыру мәртебесі автоматты түрде қайта­рылады;

– “COVID-19”-ға қарсы күрес шең­беріндегі шектеу іс-шараларына бай­ланысты қызметкерлердің мәж­бүрлі демалыстарда күтімсіз болған кезеңдері берешек ретінде есепке алынбайды. Бұл ретте табысты жо­ғалтудың дәлелі табыстың жоғалуына байланысты біржолғы әлеуметтік төлем алу болып табылады (42500 теңге).

– Бұл шаралар медициналық сақ­тандыру жүйесіне 740 мыңға жуық адамды қайтарды. Осы санаттарды қосу жұмыстары әлі де жүргізілуде және Үкімет іс-шаралары арқылы сақтандырылғандар саны арта түседі. Осылайша, корона­вирус­тық пандемияға байланысты табысы­нан айырылған немесе бене­фициар­лардың арасынан шық­қан азаматтар меди­циналық сақтан­дыру жүйесіне қайтарылады және меди­циналық көмектің барлық көлемін ала алады, – деді қор басшысы Болат Төкежанов.

Мәртебені алу үшін азаматтарға қандайда бір жерге барудың қажеті жоқ. Барлық деректер ақпарат­тық жүйе­лерде автоматты түр­де жа­ңар­тылады. Сондай-ақ, қор уәкілетті министрліктермен бірлесіп, 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарналары мен аударымдарынан босатылған ШОБ-тың сақтан­дырыл­ған қызметкерлеріне мәртебе беру бойынша жұмыс жүр­гізуде. Бұл 800 мыңнан астам жұмыскерге әсер етеді.

Сақтандыру мәртебесі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда “Qoldau 24/7” мобильді қосым­шасы арқылы әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қорына жүгіну қажет.

Әсет ҚАНАФИН.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика