booked.net                                                                                                                                                                                                                                     

Материалдар

БАЛДЫҢ ПАЙДАСЫ

Балдың емдік қасиеті жоғары. Оны бауыр ауруына қарсы ем ретінде де қолдануға болады. Ол үшін жарты литр зәйтүн (оливковое масло) майын, жарты келі бал, 50-100 миллилитр алма қышқылын (яблочный уксус) немесе екі лимонның шырынын бір ыдысқа салып араластырып, бетін жауып, тоңазытқышқа салып қою қажет. Қоспа біраз уақыт тұрған соң, оны араластыру керек.

Содан соң күніне үш рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын бір шай қасық мөлшерінде пайдаланған жөн. Төрт-бес күн осындай қоспаны ішкен кезде бауырдың ауырғаны басылады. Бұл тек бауыр ауруы ғана емес, сондай-ақ, асқазан ауруына да өте пайдалы. Осылайша, бір ай емделгеннен кейін, араға 4-5 ай салып тағы да қоспаны қабылдауға болады. Сондай-ақ, бауыр ауруының алдын алу үшін халық арасында сұлы мен бал қоспасынан жасалған тұнба да қолданылған. Оны дайындау үшін 3 литрлік ыдысқа 2,5 литр қайнаған су құйылып, тазартылған 100 грамм сұлы мен мамыр айында алынған 150 грамм бал қосылады. Бұларды жақсылап араластырған жөн. Кейін оның бетін жауып, жылы жерге бір тәулік қою керек. Қоспа қараңғы және құрғақ жерде тұруы қажет. Осыдан кейін дайын болған тұнбаны тамақтан кейін бір шай қасық мөлшерінде ішеді. Тұнбаны тәулігіне екі рет қабылдау қажет.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел: 500914

Яндекс.Метрика