Материалдар

БАЛАНЫҢ ОТПЕН ОЙНАУЫ – ОПАТ

Бала отпен ойнаса, опатқа ұрындыратын оқиғалар көп-ақ. Әсіресе, ересектердің бақылауынан тыс қалған бала сіріңке

тұтатуға үйір келеді. Кейде ересектерге еліктеген балалар темекі тартуға талпынып, сіріңке тұтатады да оттан үрейлері ұшып, тастай салады. Соның салдарынан өрт шығатыны анық.

Кейбір ересек адамдар балалардың отқа үйірсектігіне мән бермейді, олардың әрекетін қадағаламайды. Ал, балалар үлкендерден көзтаса жерлерде, айталық, құрылыста, шатырда, жертөледе от жағып ойнайды. Ал енді бір үлкендер балаларға пеш жағуды, отқа ас қоюды тапсырады. Бұл дұрыс емес.

Бұл опатқа жол бермеу үшін:

– сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерге қою;

– оларға темекі, сіріңке сатып алуға тыйым салу;

– пәтерде баланы қалдырып, сыртынан жауып кетпеу;

– балаларға жанып жатқан пешті және жылыту аспаптарын қарауды тапсырмау;

– газ плиталарын тұтатуға жолатпау;

– оттың қаупін түсіндіру керек.

Естеріңізде болсын, егер бақылаусыз қалған баланың кесірінен өрт шығып, одан нұқсан келсе, ата-аналары заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сот бала себепкер болған оттың салдарынан шыққан өрттен зардап шеккен азаматтардың өтініштері бойынша келтірілген нұқсанның сомасын сол баланың ата-анасынан өндіріп алуға құқылы.

Азамат ОРЫМБАЕВ,

 қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.